{metadescription}
Алматы әуежайында жолаушыларға құқықтық кеңес беру орталығы ашылды
Алматы әуежайында жолаушыларға құқықтық кеңес беру орталығы ашылды

Алматы әуежайында жолаушыларға құқықтық кеңес беру орталығы ашылды

Жолға шығып бара жатқан адамның қандай да бір сұрақтары туындай қалса, дереу сол орталыққа барып, жедел жауап ала алады. Жалпы, мұндай орталықты ашуға жолаушылардан түсетін арыз-шағымның көбеюі себеп болыпты. Сондықтан, азаматтардың уақытын үнемдеу үшін әуежайдың өзінен осындай нысан ашуға тура келген.

Алматы әуежайында әдеттегідей адам қарасы көп. Жүктерін арқалап, жолға асыққандар. Ал осы кісілер үшін жұмыс істейтін жаңа орталық бір терезе қағидасына өте ұқсас.

Мұнда полиция, прокуратура, кеден, консулдық қызмет сынды 6 бірдей мекеме өкілдері отырады. Айта кетерлігі, Алматы әуежайында күн сайын 46 ұшақ ұшып-қонады. Еуразиялық экономикалық одақ елдерін есептемегеннің өзінде, 5 мыңдай адам келіп-кетеді.

Сондықтан, үштілділік қағидасы бұл жерде жақсы сақталғаны көзге ұрып тұр. Әне-міне ұшаққа отырайын деп тұрған адамда мәселе туындай қалса, осы жерден-ақ шаруасы тез шешілетін болады. Тіпті, жолаушылардың ит-мысығына дейін қалай алып жүру керектігін түсіндіріп беретін ветеринар мамандар да отыр. Жалпы, прокурорлар бұл орталықтың мақсаты жолаушылардың уақытын барынша үнемдеуге бағытталғанын айтады.

Ләззат Жанысова, ҚР Бас көлік прокурорының орынбасары:

-Ұшаққа міну кезінде, билет алу кезінде, өздерінің жүктерін рәсімдеу кезінде көптеген проблемалар туындайды. Ол сұрақтарға уақытылы жауап беру қиынға соғып отыр. Ең алдымен біздің әуе жолаушыларымызға туындайтын сұрақтарға толыққанды жауап беруді қамтамасыз ету.

Түсінікті. Ал мұндай орталық тек Алматыда ғана ма екен?

Иә, әзірге тек осында ғана. Бұның өзі тек пилоттық жоба. Таңғы 9-дан кешкі 6 жарымға дейін жұмыс істейді. Еліміздің басқа әуежайларынан да ашсақ деген ойдың ұшқыны ғана бар. Тіпті, Астана әуежайында да жоқ. Жалпы, мұндай құқықтық кеңес беру орталығының кеңейтілген түрі Астанадағы Бас прокуратураның ғимаратында орналасқан. Ал Алматы әуежайындағы орталық тек жолаушыларға арналған. Яғни, салалық қызмет көрсететін болады. Тіпті, құқықбұзышулық тіркелген жағдайда осы жерде полиция бөлімшесі дайын тұр. Ішінде кәдімгі қару-жарағы ар. Ал орталықтың жұмысын тәулік бойы жүргізу мәселесі алдағы уақытта қаралады екен. Әзірге білген ақпаратымыз осы. Студия!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде