{metadescription}
Ақтау әкімдігі атауын латын тіліне  ауыстырды
Ақтау әкімдігі атауын латын тіліне  ауыстырды

Ақтау әкімдігі атауын латын тіліне ауыстырды

Елбасының латын әліпбиінің жаңа нұсқасын бекіткені сол екен, маңғыстаулық шенеуніктер ғимарат маңдайшасындағы жазуларды өзгерте бастады. Енді Ақтау қалалық әкімдігі мен мәслихатының атауын тұрғындар жаңа әріптермен оқитын болады.

Маңғыстау - еліміз бойынша мекеменің ресми атауын жаңа әліпбиге өзгертіп жатқан алғашқы өңір. «Ақтау» деген сөзде «қ» орнына «q» қойылған. «Мәслихат» және «Әкімдік» деген сөздерде ана тілімізге тән «ә» дыбысын сол бекітілген әліпбидегідей «а-ның» төбесіне үтір қойып жазыпты. Алдағы күндері облыстық басқармалар орналасқан ғимараттар мен әкімдік бөлімшелерінің атауы жазылған тақтайшалар да алмастырылатын болады. Атқамінерлер бұны жаңа қаріптерге жұрттың  көзі үйрене берсін деп әдейі жасап отырмыз дейді. 

Гүлзайда Төлеуғалиева, Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы:

-Бұл әрине, көпшіліктің, жұртшылықтың көздері үйреніп, жылдамырақ үйреніп кетуге, жаңа әліпбимен жұмыс жасап кетуге ықпалын тигізеді деп ойлаймын. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде