{metadescription}
Сапарбаев өзін жершілдікке қатысты айыптағандарға жауап берді
Сапарбаев өзін жершілдікке қатысты айыптағандарға жауап берді

Сапарбаев өзін жершілдікке қатысты айыптағандарға жауап берді

Ақтөбе облысының әкімі аймақтағы басшылық қызметке сырттан адам алдырғанды қалайды. Дегенмен мұны Бердібек Сапарбаев жершілдікке балап отырған жоқ.

Онсыз да газет пен теледидар бетінен түспейтін Сапарбаев бүгін Астанаға келіп 9 айдағы жұмысына есеп берген. Жетістігімен мақтанған әкім әдеттегідей сөзден сүрінген жоқ. Тек қызметтік командаға қатысты сауалға келгенде жалпылама жауап беріп қоя салды. Негізі Елбасы үш жыл бұрын әкім ауысса артынан көшіп жүретіндерге тыйым салған еді. Мемлекеттік қызметшілер туралы заңға сәйкес, әкім тек көмекшісі мен баспасөз хатшысын және  кеңесшісін ертуге рұқсат. Әйтсе де Бердібек Сапарбаев Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарында қызметтес болған көзтаныстарының көбін жанынан тастағысы жоқ. Екі жыл ішінде 5 орынбасарының үшеуін сол жақтардан алдырған. Облыс орталығын басқаруды Шымкентте көмекшісі болған Ілияс Испановқа жүктесе, оның бірінші орынбасарын Өскеменнен шақырыпты. Қазір тіпті Ақтөбеде аудан әкімдеріне дейін сырттан алдыру сәнге айналған. Сапарбаевтың өзі бүгін жанымда жергілікті кадрлар да бар деп ақталды.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:       

-Ақтөбенің кадрлері жұмыс істей алмайды деп айта алмаймыз. Бізге берілген тапсырма бар. Жаңа айттым ғой. Ең бірінші экономиканы дамыту керек. Сол арқылы халықтың тұрмысын жақсартуымыз керек. Сол үшін қолынан іс келетін кісілерді тағайындауымыз керек. Менің орынбасарларымның арасында ақтөбеліктер бар. Департамент бастықтары да жергілікті адамдар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде