{metadescription}
Астанадағы тура сауда орталығының алдында болған қанды оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты
Астанадағы тура сауда орталығының алдында болған қанды оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты

Астанадағы тура сауда орталығының алдында болған қанды оқиғаға қатысты жаңа деректер шықты

Жұрттың жағасын ұстатқан жантүршігерлік оқиғаны бүгін зардап шеккен азаматтың туыстары бастан-аяқ баяндап берді. Күдіктінің өзі сот шешімімен екі айға қамалған. Ал аяусыз соққыға жығылған 33 жастағы Бауыржан Исабеков болса, өлім аузында ауруханада жатыр.

Бауыржан Исабеков сол күні қарындасы Наргизаның үйінде бұзылып тұрған көлігін жөндеу керек болған екен. Алайда, аяқ асты досы хабарласып, сауда орталығына бірге барып келуді өтініпті. Бауыржан бар шаруасын тастап, жолдасымен дүкенге келгенде осындай жағдайға ұшырады дейді туыстары.  

Наргиза Ахметова, зардап шегушінің қарындасы:

-Ағам сауда орталығынан бірінші шыққан. Ал досы іште қалған. Есіктің алдында бейтаныс адам кіріп келе жатып түйіп өткен бе, білмеймін, сол жерде екеуі жанжалдасыпты. Күдікті ағамды ашумен тепкілеп тастаған.

Досы дүкеннен шыққанда Бауыржан қансырап жерде жатқан екен. Ал оны соққыға жыққан күдіктіні полицейлер келгенше жолдасы ұстап отырыпты. Сол аралықта оқиға орнына басқа адамдар да жиналып қалған.Қазір Бауыржан ауруханада жатыр. Есін әлі жиағн жоқ. Қанды оқиғаны естігенде, 33 жастағы жігіттің аяғы ауыр келіншегінің де денсаулығы күрт нашарлапты. Ерлі-зайыптылардың туыстары енді күні-түні аурухананы күзетіп жүр.

Наргиза Ахметова, зардап шегушінің қарындасы:

-Ағамның жағдайы әлі нашар. Осы оқиғадан кейін аяғы ауыр әйелі де ауруханаға түсті. Күдіктінің жақындары хабарласты, қолдарынан келгенше көмектесеміз деп отыр. Бірақ, денсаулығын толық қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес қой.

Бауыржан Исабековтың миы шайқалып, төс сүйегі сынып кеткен көрінеді. Оның ауыр жараланғанын видеодан-ақ байқауға болады, жер қанға боялған. Бірақ, ерегіскен екеу бір-біріне қару қолданбапты. Жақындарының айтуынша, күдікті Бауыржанды аяқпен тепкен. 

Еркін Дүйсенбаев, нейрохирург:

-Медициналық бақылауда реанимацияда. Жасанды медикаментоз  ұйқыда. Түскен кезде компьютерный томография жасалды. Азғантай қан құйылу болды миына.

Жас жігітті өлімші етіп сабап тастаған күдікті енді желтоқсанға дейін, яғни тергеу аяқталғанша  қамауда отырады. Қазір полицейлер қақтығыстың неден шыққанын анықтауда.

-Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қан-жоса болған жігіттің қалтасын тінтіп, жеке затын алып кеткен адамды да іздестіруде. Және бұған дейін «зардап шеккен азамат мас болған» деген ақпарат тараған еді. Алайда туыстарының айтуынша, Бауыржан Исабеков спирттік ішімдік мүлдем ішпейді екен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде