{metadescription}
Таразда ашуға мінген саудагерлерді қала әкімі әзер сабасына түсірді
Таразда ашуға мінген саудагерлерді қала әкімі әзер сабасына түсірді

Таразда ашуға мінген саудагерлерді қала әкімі әзер сабасына түсірді

 

Таразда базар дауы қайта басталды. Онда «Ауыл-береке» деп аталатын ең ірі сауда орнының көкөніс пен жеміс-жидек сататын бөлігі сот шешімімен жабылатын болған. Сөйтіп, 11 гектар аумақ әкімдік меншігіне өтіп, саудагерлер орындарын босатулары тиіс. Бірақ кәсіпкерлер өліспей беріспейміз дейді. Көшуге қарсылық білдіргендер жаппай наразылыққа шықты. Айғайға басқан жұртты қала әкімінің өзі келіп, әзер сабасына түсірді.

Шуласқан жұрт бірін-бірі тыңдайтын емес. Бәрі жаппай шенеуніктерді қаумалап, наразылық білдіріп жатыр. Бүгін сот шешімімен көкөніс пен жеміс-жидек сататын көтерме сауда базары жабылуы тиіс-тін. Сол үшін сот орындаушылары да келген. Бірақ ашынған ағайын олардың жұмыс істеуіне мұрша бермеді. 

-Сіз Үкіметтің адамысыз. Үкіметтен айлық аласыз, отбасыңызды асырап отсыз. Біз 40-50-ге келген әйелміз, "Нұр Отанға" барып жұмыс бер, айлық бер деп есігін қақтық па? Менде кредит бар, бала оқытып отырмын.

Көтерме сауда базарында тіршіліктің қайнап жатқанына 3 жылдан асты. 600-ге жуық саудагер бұрынғы «Көк базардан» көшіп келіп, осында кәсібін дөңгелеткен еді. Енді көпшіліктің бұл жерден кеткілері жоқ. Себебі, көшіп-қонып жүру қыруар шығын. Сондықтан осында қалдыруды талап етуде. Жұрттың айутынша, осы даудың артында бақай есеп бар. Яғни әкімдік жерді тартып алу арқылы, кәсіпкерлерді тіршілігі тұралаған бәсекелес сауда орындарына көшірмек екен.

Ақалтын Бақытбаева, саудагер:

-Бізге Кироваға барыңдар деп жатыр. Ол жаққа барып, біз ақшамызды тастап келген халықпыз. Кировадан біз ешқандай нан жеген жоқпыз. Керек десең, балаларымызды оқудан шығарып алдық.

Базар басшысы түкке түсінбей жатырмын дейді. Оның айтуынша, кезінде 29 гектар жер екі жылдық жалға заңды түрде берілген. Оның 18 гектары демалыс орнына арналса, 11-не сауда нысанын тұрғызған. Дау осы жерге қатысты туындаған. Яғни шенеуніктер келісім-шартты тағы екі жылға созбай, жерді қайтаруды талап етіпті. Бизнесмен одан бас тартып, сотқа жүгінген. Бірақ Жоғарғы соттың өзінде іс әкімдіктің пайдасына шешілді.   

Алтай Қарабеков, «Ауыл-береке» базарының директоры:

-Бізден бұл жерді тартып алғысы келеді. Біз үш млрд. теңгеден астам қаражат жұмсадық. Жерді өзімізде қалдыру үшін сотқа да бердік. Бірақ, Жоғарғы сотта жеңіп тұрып, әкімдік ұсынысымен іс қайта қаралды. Сөйтіп Жоғарғы сот төрағасы шенеуніктердің пайдасына шешім шығарды. Мұны қалай түсінеміз? Қазір не істерімізді білмейміз. Сонда бәрін беріп қарап отыруым керек пе? 

Ал атқамінерлердің өз уәждері бар. Айтуларынша, әу баста бұл аумақ демалыс орны болуы тиіс екен. Бірақ базар әкімшілігі жерді өз мақсатында қолданбай сауда нысанын салған. Кемшілік кеткенін прокуратура анықтапты. Дегенмен қала басшысы жұрттың дүрлігуіне негіз жоқ дейді. Себебі, базарды көшіруге шешім болғанымен, саудагерлер сонда қалады деп сендіреді. Өйткені ол жерге коммуналдық базар ашпақ екен.  

Рүстем Дәулет, Тараз қаласының әкімі:

-Сауда жасап жатқан азаматтар жұмыссыз қалмас үшін коммуналдық базар ашу мәселесін қарап жатырмыз. Қазіргі таңда «Ауыл-береке» базары жабылмайды. Саудагерлер қуылмайды. Қазір қалай сауда жасап жатыр, солай жасай береді. Жаңағы мәселе заң шеңберінде шешімін таба береді.

-Осыдан үш жыл бұрын мына жер суға толып жатқан. Сөйтіп базар әкімшілігі терең сайды тасқа толтырып, сауда нысанын тұрғызған. Әлбетте құрылысқа қыруар қаржы жұмсалды. Бірақ кеткен шығын әкімдік тарапынан өтелмейді. Өйткені кәсіпкер жұмсалған қаражаттың көлемін сотта қағаз жүзінде дәлелдей алмаған.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.