{metadescription}
«ҚазАвиаҚұтқару»  мен «ҚазАвиаОрманҚорғаудың»  басшылары бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген
«ҚазАвиаҚұтқару»  мен «ҚазАвиаОрманҚорғаудың»  басшылары бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген

«ҚазАвиаҚұтқару» мен «ҚазАвиаОрманҚорғаудың» басшылары бюджет ақшасына шалқып өмір сүрген

Достық пен сыбайластық! Алматыда «ҚазАвиаҚұтқару» және «ҚазАвиаОрманҚорғау» мекемелерінің экс-басшыларына қатысты сот басталды. Студенттік шақтан дос болған қос сотталушыға қазына қаржысын ұрлады, пара алды, деген айыптар тағылып отыр. Прокурорларға сенсек, Мәлік Досымбеков пен Төлеуғазы Сексенбаев қыруар ақшаны жымқыру үшін түрлі құйтырқылыққа барған.

Мәселен, тікұшақты жалға беру бағасын әлдеқайда қымбат қылып көрсетіп, артылған ақшаны өзара бөлісіпті. Тіпті, шенділердің өз үйінің аула сыпырушысының жалақысына дейін мемлекет ақшасынан төлеген. Бюджеттің миллиондарына тоймаған екеу артынша шетелдік компаниядан 100 мың доллар пара алыпты.

Осы кезге дейін айтылмай келген «Қазавиақұтқару», «Қазавиаорманқорғау» мекеме басшыларының қамауға алыну себебі бүгінгі сотта ғана белгілі болды. Шенділерге тағылған айыптың көптігі сонша, құжат 137 беттен, 21 томнан тұрады. Айыптаудан аңғарғанымыз, Досымбеков пен Сексенбаев қызметін асыра пайдаланып, бюджет ақшасын жымқырған. Ол үшін алдын-ала жоспар да құрыпты. Істі болып жатқан екеудің студенттік шақтан бері дос екені айтылды. Бүгін айыпталушы қатарында да бірге тұрған олар түрлі қылмыстарды келісіп жүзеге асырған-мыс. Мәселен, «Қазавиаорманқорғау» мен «Қазавиақұтқару» мекемелерінің арасындағы тікұшақты жалға алу туралы келісім-шарт мемлекеттік сатып алусыз жасалыпты. Сөйтіп, сыбайлас екеу еш кедергісіз қалтасын қампайтқан дейді тергеушілер.

Абзал Бегембаев, мемлекеттік айыптаушы:  

- Мәлік Досымбеков тікұшақты «Қазавиаорманқорғау» мекемесіне жоғары тарифпен берген. Яғни, әр сағатын 573 мың теңге деп бекітіпті. Ал, артық қалған ақшаны екі шенді бөліскен.

Ал, Сексенбаев зәулім үйінің ауласын сыпыратын жұмысшының жалақысын да қазына қаржысынан төлеген. Яғни, оны тек құжат жүзінде өзі басқаратын мекемеге жұмысқа алыпты. Сәйкесінше, аула сыпырушы айлықты «Қазавиаорманқорғаудан» алған. Бұған қоса, шенеунік Досымбековтен 28 ұшқышты «Қазавиақұтқаруға» жұмысқа ағызыпты. Ал, іс жүзінде олар бұл мекемеде жұмыс істемепті. Құжатта бар, қызметте жоқ ұшқыштың әрқайсысына айына 140 мың теңге төленген. Прокурорлар оны да Досымбеков пен Сексенбаев қалталарына басты деп айыптайды.

Аян Ақбердиев, мемлекеттік айыптаушы:  

-Сексенбаевтың 28 ұшқышты жұмысқа алу туралы ұсынысына Досымбеков келісім берген.Ол бұлардың тек қағаз жүзінде қызметке алынатынын, және ешқандай жұмыс атқармайтынын жақсы білген. Сөйтіп, жоқ адамдар үшін төленген 7,8 миллион теңге қаржыны өздері иемденген.

Сексенбаев демалу үшін де жалға алынған тікұшақты пайланыпты. Ал, оның 1 жарым миллион теңге шығынын бюджет ақшасымен жапқан. Мұның бәрін азсынған екеу, артынша қытайлық компаниядан 100 мың доллар пара алады. Қомақты қаржыны шенділер құны 12 миллион доллар тұратын тікұшақты сатып алуға келісім жасауға көмектескені үшін сұрапты. Прокурорлар жіпке тізген айыпқа Төлеуғазы Сексенбаев мүлдем келіскен жоқ. Ал, оның сыбайласы шетелдік компаниядан ақша алғанын мойындады. Айтуынша, оны уақытша сұрапты. Айырылмас достардың бүкіл былығы әшкереленгеніне қарағанда, бұл істің ұзаққа созылуы мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде