"Қазмұнайгаздың" топ-менеджерлері қанша сыйақы алады?
Осы бензин бағасын баға алмаған "ҚазМұнайГаз" қызметкерлері жаңажылдық сыйақысыз қалады. Ұлттық компания өнімнің өз құнын арзандату үшін шығындарын қысқартып отыр.
Автор: Азамат Алдоңғаров
30.10.2017
Оның алғашқы қадамы ретінде орталық аппарат қызметкерлерінің санын қысқартып, 2017 жылдың сыйақысы мен бонустарын мүлдем алып тастамақ. Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, еліміздің солтүстігі, шығысы мен орталығына бензин Ресейден келетіні айтылған. Импорттық отынның құны біздікінен қымбат. Десе де, "Қазмұнайгаз" оның бағасын шығынға кетіп 161 теңге деп бекітіпті. Компания қызметкерлердің есебінен қанша үнемдейтіні белгісіз. Бұған дейін бензин тапшылығы үшін ұлттық компанияның басшылығына сөгіс жарияланып, орынбасары қызметтен босатылған-ды.