{metadescription}
Қарағанды облысында бензин бағасы  200 теңгеге жуықтады
Қарағанды облысында бензин бағасы  200 теңгеге жуықтады

Қарағанды облысында бензин бағасы 200 теңгеге жуықтады

Күз басталғалы жыр болған жанармайдың бағасы тағы қымбаттады. Өткен аптада ғана еліміз бойынша АИ-92-нің орташа бағасы 158 теңге еді, демалыс күндері ол кей жерлерде 161 теңгеге дейін өскен. Ал Қарағанды облысының шалғай аудандарында бензин тіпті 195 теңгеден сатылып  жатыр екен.

Бұл көріністерді Қарағандыдан 360 шақырым жердегі Қаражал қаласының тұрғыны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салыпты. Бекет иелері  жанармайдың көтерме бағасының қымбат болғанын  және оны тасымалдаудың да арзан еместігін айтып ақталған. Ал Петропавлда отандық жанармай сататын бекеттер бағаны сенбі күні көтере бастаған. Қазір АИ 92 маркалы бензиннің литрі 161 теңгеден сатылып жатыр. Ресейлік бензиннің бағасы одан  да қымбат,  литрі 162 теңге. Қызылжарға келетін жанармайдың 70 пайызы Уфа қаласындағы мұнай зауытынан әкелінеді екен. Оның өңірдегі қоры бітіп қалған. Ал жаңа келісім-шарттарды ресейліктер жаңа көтерме баға бойынша жасапты. Оған Ресей рублі бағамының да қымбаттығы әсер еткен көрінеді.

Серік Ғалиев, көлік жүргізушісі:

-Қымбаттаған үстіне қымбаттап жатыр. Баға бұлай көтеріле беретін болса, машинаны гаражга қойып жаяу жүруге тура келеді. Жүріп тұрудың өзі қиынға соғып барады, күннен күнге. Қыста көп жұмсалады,  қыздыруға кетеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде