{metadescription}
Елімізде өзгерген жол жүру ережесі апат санын азайта ма?
Елімізде өзгерген жол жүру ережесі апат санын азайта ма?

Елімізде өзгерген жол жүру ережесі апат санын азайта ма?

Бүгіннен бастап Қазақстанда жол жүру ережесі өзгерді. Үкіметтің соңғы түзетулер енгізген 21 ші қазандағы қаулысы жарияланды. Жол жүру ережесінің 7 тармағына түзету енгізілген. Полиция қызметкерінің жаңа міндеттері мен жүргізушілердің басымдықтары айқындалған.

Қазанның соңғы күнінде түрленген жол ережесінің негізгі 7 тармағына түзету енгізілген. Енді көлікті тоқтатқан полиция қызметкері бірден жүргізушіге келіп, тоқтату себебін түсіндіруге міндеттеледі. Ал, ереже бұзылған жағдайда оны растайтын дәлелдерін көрсетуі тиіс. Бұрынғы нұсқада бұл міндеттер айқындалмаған еді. Қауіпсіздік белдігінің тағылуын қадағалаудың бір ұшы мотоциклді тізгіндегендерге де тиді. Олардың енді мотошлемсіз адамды алып жүруіне болмайды. Бұл өзгерістердің қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, тас жолда талқандалған тағдырларды азайтуда өз нәтижесін береріне тәртіп сақшыларының сенімі мол.

Ирина Лукьянина ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі:

-Сонымен қатар, жол ережесінен бөлек , арнайы дабыл қондырғысын қоюға бірқатар қызмет түрлеріне рұқсат етілді. Бұл тізімге экономикалық қылмысты тергеу қызметі  кіреді. Олар жедел қимылдау операциялары барысында дабылды қосып, жылдам өтуге мүмкіндік алады.

Осыған дейін көліктегі жолаушыға автоинспектордың рұқсатынсыз шығуына тыйым салынатын. Қазір ол шектеу алынды. Тағы бір жаңалық. Егер қозғалысқа кедергі келтірмесе, автомобильдің артпен жүруіне рұқсат етілген.

-Үкімет қабылдаған қаулы да велосипед айдайтындарға басымдық берілген. Егер арнайы жолақ болмаса, онда автобусқа сызылған жолмен жүрулеріне рұқсат. Бұрынғы ережеде ондай қарастырылмаған еді.

Бүгін күшіне енген түзетудің темір тұлпар тізгіндегендерге қаншалықты оң әсері тиіп, жолда жүруді жеңілдетерін уақыт көрсетеді. Сан мәрте тонын ауыстырған ереже тағы да түрленді. Тек оны елейтіндердің қарасы көбейер-көбеймесі үлкен сұрақ. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.