{metadescription}
Нью-Йоркте теракт жасаған лаңкес Өзбекстан азаматы болып шықты
Нью-Йоркте теракт жасаған лаңкес Өзбекстан азаматы болып шықты

Нью-Йоркте теракт жасаған лаңкес Өзбекстан азаматы болып шықты

Нью-Йоркте болған терактіде қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығын анықтап жатыр. Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазір Америкадағы елшілік арқылы осында тұратын отандастарымыздың тізімін тексеруге кіріскен. Ал жүк көлігіне мініп, ондаған адамды тірідей басып өлтірген Өзбекстан азаматы екен.

-Жүк көлігіне мінген азамат, Нью-Йорктің Манхэттен округінде велосипедшілер жолағына түсіп алып, кездескендердің барлығын жайпап өткен. Оқиға террорлық акт деп танылып, АҚШ президенті Дональд Трамп, «бұл ауру адамның әрекеті» деп баға берді. Қастандық салдарынан жиырмаға жуық адам жарақаттанып, 8 адам көз жұмған.

Қанды қырғын мектептің дәл жанында болған. Мына таспаны да мектеп оқушылары түсіргенге ұқсайды. Велосипедшілерді басып өтіп барып, жүк көлігі балалар таситын автобусқа соғылып тоқтапты. Лаңкес мінген көліктен хат та табылған. Онда «бұл террорлық акт Ислам мемлекеті ұйымы үшін» деп жазылған. Ал мына таспада қолына қару ұстаған азаматтың қашып бара жатқанын көруге болады. Бірақ оны полицейлер ішінен жаралап, тоқтатты.

29 жасар қаскөйдің Сайфулло Саипов деген Өзбекстан азаматы екені белгілі. Грин-картаны лотореядан ұтып алған ол, осыдан 10 жыл бұрын Америкаға көшкен екен. Жалғызбасты жігіт такси жүргізушісі болып істеген. Қазір дәрігерлер ота жасап, лаңкестің өмірін сақтап қалмақшы. Осыдан кейін одан істің мән-жайы, мүмкін басқа да жақтастары туралы жауап алынады. Ал отандық дипломаттар терракт құрбандарының арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоқтығын  дереу тексеріп жатыр.

Әнуар Жайнақов, ҚР СІМ ресми өкілі:

-Соңғы мәлімет бойынша, Нью-Йорктегі жүк көлігінің бір топ жаяу жүргіншілерді басып кеткендігінің  нәтижесінде қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Біздің Нью-Йорктағы дипломаттарымыз осы ахуалды бақылауды жалғастыруда.

-Қастандықтан қаза тапқандардың бесеуі Аргентина азаматтары. Олар Нью-Йоркке қыдырып келіп, қаланы велосипедпен аралап жүрген туристер болуы мүмкін. Қалған үшеуі туралы әзірге ақпарат жоқ. Біздің дипломаттар негізі аталған қалада қазақтар да аз емес дейді. Ал теракт құрбандарының да, зардап шеккендердің де саны көбеюі мүмкін.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде