{metadescription}
Алматы облысында 82 жастағы кейуана баспаналы болды
Алматы облысында 82 жастағы кейуана баспаналы болды

Алматы облысында 82 жастағы кейуана баспаналы болды

Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады.. Өмір бойы тағдыр тауқыметін тартып, қартайғанда арманы орындалған қарияны қоныс тойымен Бас Муфтидің өзі келіп құттықтады. 

Сексеннің сеңгіріне шыққан Галина Рогоза тағдырдың тауқыметін көп көрген жан. Асыраушысынан ерте айырылған кейуананың жалғыз қызы жаман ауруға душар болды. Немере қызынан көрген үш шөбересі бар, барлығы мына бір апатты үйде өлместің күнін кешкен. Бірақ қанша қиналса да қария бір Алладан үмітін үзген емес.

Галина Рогоза:

-Аллаға тәуба менің құлшылығымды қабыл еткен.  Мен молдаван қызымын. Осыдан жиырма жыл бұрын исламды қабылдадым. Қолымды бір құдай деп қана жайдым. Міне енді осынша жасқа жеткенде хан сарайындай үй салып беріп жатыр. Қол ұшын созған барлығына алғысым шексіз.

Бүгін Галина әжейдің әулетінде үлкен той. Су жаңа баспанаға құтты болсын айтып, шашу шашып келіп жатқандардың қарасы көп. Оларға арнайы дастархан да жайылған. Ауылда Мәриям апа атанып кеткен қарияны құттықтауға тіпті бас мүфтидің өзі арнайы келді.

ЕРЖАН ҚАЖЫ МАЛҒАЖЫҰЛЫ , БАС МҮФТИ:

-Біздің мүмкіншілігіміз шектеулі. Бірақ әйтседе теңізге құйған тамшыдан болса да көмек көрсетейік. Қолымыздан келген нәрсені жасайық деген нәрсені ұйымдастырып отырмыз. Болашақта осындай асыраушысы жоқ осындай азаматтарға үй салып беруді жалғастыра береміз.

Діни Басқарма жанындағы «Зекет» қорынан бөлінген қаражатқа Мәриям апаға үйді төрт-ақ айда салып берген. Үш бөлмелі баспананы тұрғызуға 6 миллион теңге кетіпті.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.