{metadescription}
Жамбыл облысында басшылардың текетіресінен қарапайым халық зардап шегуде
Жамбыл облысында басшылардың текетіресінен қарапайым халық зардап шегуде

Жамбыл облысында басшылардың текетіресінен қарапайым халық зардап шегуде

Жамбыл облысының Меркі ауданында екі басшының текетіресінен бүтін бір кооператив құрдымға кеткелі жатыр. Екі төрағаның айқасы күнен-күнге ушығып барады. Бітпес даудың кесірінен тұрғындар дымсыз қалғалы тұр. Ал «мен басшымын» деп дауласқандар қаржылық қиындықтарды шешпек түгілі, бір-бірін сотқа сүйреп жүр.

Жұрттың айтуынша, 2013 жылы «Ақарал» өндірістік кооперативіне төраға болып сайланған Бақыт Адамсапиев ұжымды қарызға белшеден батырған. Яғни ол ортақ мүлік пен жер телімдерін кепілге тігіп, жүзім мен алма көшеттерін отырғызу үшін «ҚазАгро» қаржы ұйымынан милиондаған несие алған. Бірақ, сол ақшаға бірде-бір көшет әкелмеді дейді тұрғындар. Сөйтіп, алданып қалғанын айтады.   

Асқар Омаров, «Ақарал» өндірістік кооперативінің мүшесі:

-Алдаған Адамсапиев Бақыт. Кооператив мүшелері тіпті бұл кісінің түрін де көрген жоқ. Ол Азат пен есепшіден басқа ешкімнің түрін де білмейді.Бір адаммен ақылдасқан да жоқ. Бұл алаяқ. Қарапайым қазақтың бәрін алдап отырған.  

- «Ақарал» өнірістік кооперативіне кірпіш зауыты, қойма, гараж, әкімшілік ғимарат сондай-ақ 450 гектар жер тиесілі. Оның ішінде 30 гектар алма бағы бар. Әлбетте мұндағы нысандардың барлығы әбден ескірген, тозығы жеткен. Бірақ соған қарамастан жұрт алаяқ деп айыптаған төраға мұндағы дүние-мүлкітің барлығын 69 млн. теңгеге бағалап, «ҚазАгро» қаржы ұйымынан ақша алған. Бірақ күні бүгінге дейін бір тиыны төленбеген. Енді кооператив мүшелеріне жер мен мүліктен түгелдей айырылу қаупі төніп тұр.

Кооператив мүшелерінің айтуынша, алданғандар өте көп. Мәселен, Адамсапиев былтыр «Досқайнар» қожалығы басшысынан 20 млн. теңге қарыз алып, қайтармаған көрінеді.    

Алмас Таласбаев, «Досқайнар» шаруа қожалығының заңгері:

-Ақшаны қайтар деп айтсақ, полицияға арыз жазған. Өйткені біз одан ақша алып жатыр екенбіз. Келісім-шартқа қорқытып қол қойдырып алды деп. Енді екі ортада ІІД-ті бізге қылмыстық іс қозғаған және өз ақшамызды ала алмай отырмыз.

Ал жұрт айыптаған азамат өзіне шаң жуытатын емес. Айтуынша, 69 млн. теңге несиенің 54 миллионына элиталық алма мен жүзім көшеттерін отырғызған. Ал қалған 15 млн. теңгені құрылтайшылардың бірі - Азат Шәріпов қалтаға басқан дейді.

Бақыт Адамсапиев, «Ақарал» өндірістік кооперативінің төрағасы:

- «ҚазАгродан» алынған ақшаның өз мақсатына жұмсалғаны жөнінде құжаттарым бар. Яғни бұл ақшаны мен ұрлаған жоқпын. Керісінше Шәріпов пен оның туған қарындасы екеуі ұрлаған ақшаның орнын толтырып, ұжымға өзімнің қаржымды құйдым. Сөйтіп, көшеттер отырғыздым.

Осылайша кооперативті бір емес, екі төраға басқарып отыр. Бір-бірін мойындамайды және екеуінде де басшы екенін дәлелдейтін құжаттары бар екен. Ал жұрт екеуінен де күдіктенеді. Бірақ Шәріпов те өзін сүттен ақ, судан тазамын деп отыр. 

Азат Шәріпов, «Ақарал» өндірістік кооперативінің төрағасы:

- Ешқашан да мен онымен бірдемені бөлісіп, болмаса ауыз жаласу болған емес. Қай жерде болса да айтамын және оның бірде бір дәлелі жоқ.

ҚазАгродан алынған ақшадан да бір тиын бөліскен емеспін.

Жалпы, кооператив «ҚазАгродан» алынған несиені 109 млн теңге етіп қайтаруы тиіс. Қаржы ұйымына қарыздың бір бөлігі наурыз айында 27 млн. теңге төленуі керек болған. Бірақ ашқа табылмай кешеуілдеткен. Күн өткен сайын оның үстеме пайызы да өсе бермек

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде