{metadescription}
Жамбыл облысында дәрігерлер жол апатына түскен қыздың қолын кесуге мәжбүр болды
Жамбыл облысында дәрігерлер жол апатына түскен қыздың қолын кесуге мәжбүр болды

Жамбыл облысында дәрігерлер жол апатына түскен қыздың қолын кесуге мәжбүр болды

Жамбыл облысындағы жол апатынан ауыр жарақат алып ауруханаға түскен 23 жастағы қыз бүгін жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлер миына қатты зақым келіп әрі бір қолынан айырылған науқастың қазіргі жағдайы тәуір дейді.

Сәкен Жұмашев, Тараз қалалық № 1 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Жансақтау бөліміндегі қызымыздың жағдайы өте жақсы. Қазір бөлімшеге ауыстырылып жатыр. Жарақат бөліміндегі бір науқастың жағдайы кішкене нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырғанбыз.

Кенеттен халі нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырылған тағы бір науқастың бұғанасы сынған болатын. Дәрігерлер оны ертеңгі отаға дайындап жатыр. Бірақ ақ халаттылар жігіттің өміріне еш қауіп жоқ деп сендірді. Осында жатқан тағы 6 емделушінің де жағдайы қалыпты. Сауыққандары енді біртіндеп үйлеріне жіберілмек. Естеріңізге салсақ, кеше Алматыдан Шымкентке бара жатқан жолаушыға лық толы автобус Таразға кіре берісте аударылған еді. Апаттан бір адам қаза тауып, 31 –і зардап шекті. Автобустың 28 жастағы жүргізушісі болса, ұсталып, тергеле бастаған болатын. Ал бүгін ол үйіне жіберілген. Енді шымкенттік жүргізуші Таразға тергеушілердің шақыртуымен іс аяқталғанша келіп-кетіп тұрады.     

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде