{metadescription}
Қызылордада қысқаруға ұшыраған  дәрігерлер үлкен  шу шығарды
Қызылордада қысқаруға ұшыраған  дәрігерлер үлкен  шу шығарды

Қызылордада қысқаруға ұшыраған дәрігерлер үлкен шу шығарды

Жаңа жылдан бастап облыс бойынша 208 санитар жұмыстан босатылайын деп жатыр. Бұл медицина саласын оңтайландыру мақсатындағы Денсаулық сақтау министрлігінің 450-ші бұйрығы екен. Соған сәйкес жедел жәрдемде жұмыс істейтін ақ халаттылардың штат саны қысқармақ. Бірақ, дәрігерлерді жұмыстан шығару жергілікті басшылыққа оңай болмай, мәселе дау-дамайға ұласты.

Бұл қызылкеңірдек болып жатқан облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері. Штат санын оңтайландыру мәселесін қызметкерлерге түсіндіріп жатыр. Оңтайландыру дегені  жұмыстан шығару.

-Маған 55-ке келгенде басқа жерден жұмыс тауып бермейді. Балам жұмыстан шыққаннан кейін өзім күнімді көрем ба, үш жыл өмірім бар ма, өліп қалам ба?!

Өкініштісі, қысқартуға ұшырағандар арасында осы салаға неше жыл ғұмырын сарп еткендер де бар. 

-36 жыл біз осының оты мен суына кіріп-шықтық. Ауруды осы жерден таптық. Инсультті осы жерден алдық.

Осындайда жұмысшылардың жанынан табылуы тиіс кәсіподақ ұйымының көмегі санитарлардың көңілінен шықпай қалды. Басшылықтың шешіміне келіспей, тайталасқа түсе ме деген адам керісінше жақтап отыр. 

Темірхан Көрегенов, Қызылорда облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

- Еңбек кодексі бойынша қысқартып қоя салатын еді заң бойынша. Заң бойынша кім қысқартуға жатпайды, бірінші соны таңдап алады.

Басшылықтың айтуынша, қысқартуға ұшырағандардың бәрі далада қалмайды. Біразының жұмысын ауыстырып, басқа штатпен алып қалуға тырысып жатыр екен.

Алмат Құрманғалиев, Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

-Жалпы 208 санитар ғой енді. Соның 88-і бізде қалады. Енді қалғаннан кейін олар «техничка» болып қалады. Бұрынғыдай шақыртуға шықпайды.

Ешкімді далада қалдырмаймыз дегенмен, қалған 120 қызметкерге дайын тұрған жұмыс жоқ. Олардың енді қайда барып орналасары әлі белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде