{metadescription}
Нью-Йоркте қанды қырғын жасаған Сайфулло Саипов өлім жазасына кесілуі мүмкін
Нью-Йоркте қанды қырғын жасаған Сайфулло Саипов өлім жазасына кесілуі мүмкін

Нью-Йоркте қанды қырғын жасаған Сайфулло Саипов өлім жазасына кесілуі мүмкін

Бұл туралы АҚШ федералды тергеу бюросы мәлімдеді.

Өзбекстан азаматына тероризм бабы бойынша айып тағылған. Бірақ тергеу әлі де жалғасып жатыр. Лаңкес бірнеше бап бойынша сотқа тартылмақ. Америка заңында өмір бойына бас бостандығынан айыру мен өлім жазасы қарастырылған.  Тергеушілер сондай-ақ Саиповтың жерлесі Мұхаммедзоир Қадыровты қолға түсіріпті. Оның терористпен байланысы болуы ықтимал. Америка президенті Дональд Трамп Саиповқа өлім жазасын кесу керек деп өз пікірін білдірді. Осы оқиғадан кейін АҚШ билігі Өзбекстан азаматтарының елге кіруіне тыйым салуды қарастырып жатқан көрінеді. Ақ үйдің ресми өкілі Сара Сандерс, бұл соңғы шешім емес, бірақ мәселе қаралып жатыр деді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде