{metadescription}
Алматыда қарияны тонаған қаскөйлер ұсталды
Алматыда қарияны тонаған қаскөйлер ұсталды

Алматыда қарияны тонаған қаскөйлер ұсталды

Зіңгіттей 2 қарақшы көшеде қаннен-қаперсіз кетіп бара жатқан зейнеткерді 7 мың теңге үшін ұрып жыққан. Қатты соққыдан қарт комаға түсіп, онда бір апта бойы жатты. Артынша оны жақындары Атырауға алып кеткен. Бірақ зейнеткердің денсаулығы одан әрі нашарлап, ол сонда қайтыс болды.

- Қылмыс таңғы 6 жарымда жасалған. Қарақшылар қарияның өздеріне қарсылық көрсете алмайтынын жақсы білген. Сөйтіп, оның артынан жүгіріп келіп, белінен ұстап жерге лақтырады. Содан зейнеткердің екі тізесі қатты жарақаттанған. Ары қарай қылмыскерлер оның телефонын тартып алып, ертесіне 7 мың теңгеге сатып жіберген. Алматы қаласы ІІД.

Қарт кісіге шабуыл жасаған 19, 20 жастағы жігіттер екен. Олардың қала ішінде тұрғылықты жері жоқ. Сондықтан күдіктілерді құрықтау оңай болмапты. Олардың бірі бұрын ұрлық жасағаны үшін істі болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қаскөйлер кінәсін мойындап та үлгерді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде