{metadescription}
ОҚО-да мас полицейдің кесірінен оның басшылары түгел жұмыстан қуылды
ОҚО-да мас полицейдің кесірінен оның басшылары түгел жұмыстан қуылды

ОҚО-да мас полицейдің кесірінен оның басшылары түгел жұмыстан қуылды

Көршілерін пышақтаған Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары кесірін күллі әріптестеріне тигізді. Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Олжас Амандықовқа қатысты үш бап бойынша қылмыстық іс қозғаса, аудандық полиция бастығын, екі орынбасарымен қоса орнынан алған.

-Түннің жарымында үйіме кіріп, төбелес шығарып жатыр.  Міне, мас міне, есін білмейді. Міне, менің қолыма пышақ тығып міне.

Спирттік ішімдікке сылқия тойған шенді көршісінің үйіне барып, сонда жанжал шығарған. Тіпті, ондағы екі тұрғынды пышақпен жаралапты. Түн ішінде шыққан айғайға келген көршілері тентек майорды әрең ажыратып алған. Бұл жанжалдың видеосы әлеуметтік желілерге таралған соң Созақ полициясы тентек әріптестерінің кесірінен түгел басшысыз қалды

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде