{metadescription}
Астанада наркологиялық диспансердегі адам өліміне қатысты сот үлкен даумен аяқталды
Астанада наркологиялық диспансердегі адам өліміне қатысты сот үлкен даумен аяқталды

Астанада наркологиялық диспансердегі адам өліміне қатысты сот үлкен даумен аяқталды

Судья полиция сержанты, фельдшер мен орталықтың басқа екі қызметкерін кінәлі деп тауып, оларды 10  жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұл төртеуі сараптамаға жеткізілген Николай Кривенконы жабылып сабап өлтіргені үшін айыпты деп танылып отыр. Абақтыға тоғытылғандардың екеуі ағалы-інілі жігіттер. Үкімді естігенде,олардың әке-шешесі естерінен танып қалды.

Атышулы процеске екі тараптан келген туыстардың қарасы қалың. Тіпті Ішкі Істер департаменті қызмет бабын асыра пайдаланып адам өлтірген әріптесінің қателігі басқаларға сабақ болсын деп полицейлерді сотқа әкеліпті.

Осы төрт жігітті сот залынан бір-ақ шығарған жантүршігерлік оқиға биыл наурыз айында болған. Сол күні кезекшілік еткен полицей Берік Мырзағалиев тәртіп бұзған жігітті ұстап алып, ішімдік ішкен ішпегенін тексеру үшін наркологиялық диспансерге апарған. Бірақ, сержанттың айтқандарына бағынбай қарсы шыққан Николай Кривенко осы қылығы үшін орталықтың ішінде оңбай таяқ жейді. Тіпті, тентекті тезге салу үшін фельдшер мен диспансердің екі санитары да 29 жастағы жігітті жабылып сабаған. Ол мына видеода анық көрініп тұр. Соңында соққыдан Николай көз жұмған. Енді сау болған марқұмды тепкілеп өлтіргендер бүгін сотталды.

Ұбайдолла Қошанов, судья:

- Берік Мырзабеков 10 жыл бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орта тәртіптегі колонияда өтейді. Мерзім қамауға алынған уақыттан бастап есепке алынсын.

10 жыл жаза арқалаған бұрынғы полицей. Ал, қалған үшеуі 8 жылға сотталды. Олар фельдшер Саят Сатынов және наркологиялық орталықтың екі санитары Сұңғат Темірғалиев пен Фархат Қамбетов. Бұл екеуі туған ағайындылар. Бұған дейін сотқа үйінен келіп жүрген оларға  полицейлер тура сот залында қолдарына кісен салды. Ал, еңіреген ата-ана болса, екі бірдей ұлын да сегіз жылға қамаған судьяның үкімімен келіспейді.

-Ақ адал еңбегімен нанын табам деді ғой. Жұмыс болса үкіметте, қанеки! Әскерге барып келген балам.

Қайыркеш Қамбетов, сотталғандардың әкесі:

- Яғни, ұстасып көмектесуге ғана шықты. Егер далада болса олар мүлдем шықпайтын еді. Жазықсыз соттап жіберді. Құр шықты ұстасты болды.

Қос қолғанаты ұлдарынан ұзаққа айырылғандар біразға дейін өз өздеріне келе алмады. Тіпті, соттың алдына жедел жәрдем шақыртуға тура келді. Ал, полицейден таяқ жеп өлген марқұм Николайдың жақындары болса, осы жазаның өзі аз деп отыр.

Татьяна Кривенко, марқұмның анасы:

-Сотталғандар бір күні бостандыққа шығып, өмірін жалғастырады. Ал, менің баламды ешкім қайтара алмайды. Ол үйленуді жоспарлап жүрген. Кімге не істеп жазықты болғанын білмедім.

-Десек те, жәбірленуші тарап үкімге қарсы шағым түсірер түсірмесін айтқан жоқ. Есесіне, сотталғандардың туыстары апелляциялық арыз жазуға кіріскелі жатыр. Өйткені, жаза тым ауыр дейді. Оның үстіне олар жәбірленушілерге екі жарым миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге де міндеттелді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде