{metadescription}
Елімізде зейнетақы қалай есептелмек?
Елімізде зейнетақы қалай есептелмек?

Елімізде зейнетақы қалай есептелмек?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнеткерлердің еңбек өтілі үшін қосымша төлемдерді есептеуге кірісті. Бұл 1998 жылға дейін жұмыс істеген азаматтарға қатысты.

Қазір елімізде үш деңгейлі зейнетақы тағайындау жүйесі бар. Базалық, жинақтаушы және ынтымақты. Енді 98-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін 10 жыл немесе одан кем еңбек өтілі бар зейнеткерлерге ең төменгі күнкөріс деңгейінің 45 пайызы қосылады. Бұл шамамен қосымша 15 мың теңге. Бұған дейін олар тек базалық зейнетақы мен өздері жинаған ақшадан есептелген, төмен төлем алып келді. Еңбек жылдары он жылдан асса әр жылға екі пайыздан қосылады. 35 жылдан асса күнкөріс дейгейінің 100 пайызын алады. Бұл зейнетақыға қосымша 28. 284 теңге.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

–Кімдердің зейнетақысы өсетініне тоқталса, бұл өзгеріс 40 жылдан астам жұмыс істеген, 45-ші, 48-ші жылы туған азаматтарға қатысты. Олар бүгінге дейін орташа зейнетақы алып келді. Базалық төлем елу пайызға өседі. Нақты ақшамен айтатын болсақ, кем дегенде 14 мың теңгеге көтеріледі. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде