{metadescription}
Алматы облысында туберкулез жұқтырған мұғалімнен соң мектепте медициналық тексеріс басталды
Алматы облысында туберкулез жұқтырған мұғалімнен соң мектепте медициналық тексеріс басталды

Алматы облысында туберкулез жұқтырған мұғалімнен соң мектепте медициналық тексеріс басталды

Туберкулезбен ауырып жүріп, мектепте сабақ берген! Алматы облысында бастауыш сынып балаларын оқытқан 37 жастағы мұғалім ауруы асқынып, жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Қайта, науқас өкпе дертінің жабық түрімен ауырған дейді дәрігерлер. Ал, Талғардағы мектептің басшылығы сырқат мұғалім ауруханаға түскенше оның туберкулез жұқтырғанынан хабарсыз болыпты.

Өкпе дертіне шалдыққан 37 жастағы мұғалім аурухана табалдырығын аттағанша Талғар ауданындағы мектептің бастауыш сыныбына сабақ беріп келіпті. Дерті дендегенше басшылықтан бастап ешкім білмеген. Себебі, денсаулығым сыр берді деп жұмысқа шықпаған ұстаздың қауіпті ауруды жұқтырғаны арада он күн өткесін анықталады.

Гүлмария Ошақбаева, Ю. Гагарин атындағы №8 арнаулы гимназиясының директоры:

-Қазанның 18-і күні өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түседі. Тек, қазанның 27-сі күні ғана оған осындай диагноз қойылғанын естідік. Алдында анасы тексеруден өтіп жатыр деген. Білікті, білімді ұстаз болатын. Бірақ, аруына қатысты біз ештеңе білмедік. Екі жыл болды бізде қызмет атқарып келе жатқанына.

Мектептегі төтенше оқиға аудан халқын аяғынан тік тұрғызып, баласына алаңдаған ата-аналарды әрі-сәрі күйге түсіреді. Абырой болғанда, науқасқа туберкулездің жабық түрі деген диагноз қойылады. 

-Мыңнан астам оқушысы бар мектепте абыр-сабыр басылғанымен, көпшіліктің көңілі әлі де күпті.  Түрлі жиналыстар өткізіліп, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Қауіпті дертті жұқтырған мұғалімнің кабинеті мен мектеп іші толықтай дезинфекцияланған. Қазір ол сабақ берген бірінші сыныптың 22 оқушысын дәрігерлер түгелдей тексеріп жатыр. Сондай-ақ, директордың айтуынша, ұжымдағы 80 мұғалім де қайтадан тексеруден өтеді.

Директордың дерегінше, қол астындағы қызметкер оқу жылы басталар кезде толықтай медициналық бақылаудан өтіпті. Тексере келе бар қателік өкпесі таза деп анықтама берген жекеменшік медициналық орталықтан кеткені белгілі болады.

БАУЫРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ, «Талмед» ЖШС медициналық орталығының директоры:

-Бізде лаборант-рентгенолог қызметін атқаратын жігіт қателесіп, бәрі дұрыс деген мөр басып берген. Бәлкім, халық қарасы көп болғасын аңғармай қалған шығар. Бірақ, оның алдында дәрігер-рентгенолог ауытқу барын, қосымша тексеру керектігін жазып берген. Егер арам ойымыз болса, рентген суретін санитарлық кітапшаға тіркеп бермес еді. 

Клиника басшысының айтуынша, өз ісіне салғырттық танытып, ағаттық жіберген лаборант мектептегі жанжалға дейін қызметінен кетіп қалыпты. Бірақ, оңды-солды анықтама таратпаймыз, бармақ басты, көз қысты әрекет жоқ деп, бет қаратпады. Дегенмен,  елді дүрліктірген орталыққа қандай да бір шара қолдана ма, әлде жоқ па, о жағы әзірге белгісіз. Ал, өкпе дерті алып ұрған ұстаз қазір Алматы қаласындағы аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан көрінеді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде