{metadescription}
Ақтөбеде атышулы ағайынды Рысқалиевтердің қарындасына тиесілі қонақ үй мемлекет меншігіне өтпеді
Ақтөбеде атышулы ағайынды Рысқалиевтердің қарындасына тиесілі қонақ үй мемлекет меншігіне өтпеді

Ақтөбеде атышулы ағайынды Рысқалиевтердің қарындасына тиесілі қонақ үй мемлекет меншігіне өтпеді

Себебі, ағаларымен бірге елден қашқан Гүлжанардың мүлкіне тиісуге сот рұқсат бермеген. Әлі құрылысы толық бітпеген нысан бірнеше жылдан бері қараусыз тұрған еді. Енді сырттай сотталған әрі халықаралық іздеудегі иесі табылмайынша солай қаңырап бос тұратын болады.

Даңғарадай бұл ғимаратты Атыраудың экс-әкімінің қарындасы тура 9 жыл бұрын сыйға алған. Одан қонақ үй ашпақ болыпты. Сырты бүтін болғанымен, ішкі құрылысы әлі бітпеген. Оны аяқтауға иесі Гүлжанар Рысқалиеваның мұршасы болмаған сияқты. Ақша жеп елден қашқан ағаларымен бірге ол да халықаралық іздеуде. Өйткені, Ақтөбедегі арақ зауытының қожайынын өлтіруге тапсырыс бергені үшін айыпталыпты. Ал неше жылдан бері қаңырап бос тұрған ғимаратты әкімдіктегілер мемлекет меншігіне өткізбек болыпты.

Серік Нәби, Ақтөбе қалалық қаржы бөлімінің басшысы:

- Заң талаптарына сәйкес әділет басқармасына аталған ғимаратты иесіз  мүлік ретінде есепке қою бойынша шағым берілді. Содан кейін бір жыл өткеннен кейін қалалық сотқа тиісті арыз түсіріліп,сотта қаралды.  

Соттағылар қонақ үйді иемденуге әкімдіктегілердің тым асығып жатқанын айтқан. Қашқын болса да, иесінің рұқсатынсыз жеке мүлкін иемденуге рұқсат жоқ. Десе де, ғимаратты қаржы полициясы төрт жыл бұрын бұғаттаған еді. Енді іздеудегі Гүлжанар Рысқалиева табылмайынша қонақ үй сол күйі қаңырап бос тұратын болады.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық соттың баспасөз хатшысы:

- Соттың шешімімен Ақтөбе қаласы қаржы бөлімінің 12 мөлтек ауданында орналасқан ғимаратты иесіз мүлік деп тану және коммуналдық меншікке өткізу туралы талабы қанағаттандырылусыз қалдырылды. Сот шешімі заңдық күшіне енген жоқ.

Гүлжанар Рысқалиаева ағалары экс-әкім Бергей мен экс-депутат Аманжан Рысқалиевтердің артынша 2013 жылдары батысқа қарай бас сауғалап кетіпті. Олардың нақты қай елде, қай қалада екенін әлі күнге дейін айтылмайды. Сот әлдеқашан олардың бәрін сырттай соттап жіберген.

-Ағайынды Рысқалиевтер құрамы 35 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталды. Араларында сол әулеттің күйеу балалары мен қыздары да бар. Атырауда Бергейдің орынбасары болған Болат Дәукенов пен қаланы басқарған Асқар Керімов те сыбайластары. Ұсталған 22 адам екі жарым жылдан он бес жылға дейін сотталды. Ал жалпы қазынадан жымқырғандары 70 миллиард теңгеден асқанын да айта кетейік. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде