{metadescription}
Түркияда  хәл үстінде жатқан жерлесіміздің ем-домын кінәлі жүргізуші төлейтін болды
Түркияда  хәл үстінде жатқан жерлесіміздің ем-домын кінәлі жүргізуші төлейтін болды

Түркияда хәл үстінде жатқан жерлесіміздің ем-домын кінәлі жүргізуші төлейтін болды

Бүгін Анталия соты 21 жастағы отандасымыз Меруерт Дұғанованы көлігімен қаққан азаматты кінәлі деп тауып, барлық шығынды төлеуге міндеттеді.

Анталия ауруханасында  кереуетке таңылған жерлесіміздің күнделікті еміне шамамен 800 мың теңге қажет. Жеке клиника болғандықтан баға қымбат. Ал, Меруерттің өзі болса, бір қалыпты. Есін жиып, тілге келгенімен ұзақ уақыт дәрігерлердің бақылауында болуы керек. Айта кетейік, Түркияда тұратын әпкесінің үйіне қыдырып барған теміртаулық қызды өткен сенбіде көлік қағып кеткен болатын. Қатты соққыдан басында қан ұйып, ауыр хәлде жатқан отандасымыздың жанында қазір әпкесі бар.

ГАУҺАР ЖАМАНКЕЕВА, ЗАРДАП ШЕГУШІНІҢ ӘПКЕСІ:

-Дәрігермен сөйлестім. Сіңілім аяқ-қолын қозғалта алады. Тек, басында ұйыған қан қиындық туғызып тұр. Оны алу үшін ота жасауға дәрігерлер қорқып отыр. Сондықтан, қанның ыдырағанын күтуіміз керек. Жансақтау бөлімінде әлі 10 күндей жатуы мүмкін. Тек, содан кейін ғана палатаға ауыстырып, Қазақстанға жеткізу мәселесін қарастырамыз.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.