{metadescription}
Ел тұрғындары ет жеуді азайтуға мәжбүр
Ел тұрғындары ет жеуді азайтуға мәжбүр

Ел тұрғындары ет жеуді азайтуға мәжбүр

Елімізде сиыр етіне сұраныс азайды. Мүйізді ірі қараның өнімін халықтың үнемдеп жеуіне бағаның қымбаттауы себеп болып отыр. Жыл басынан бері сиыр еті келісі 200 теңгеге көтерілген. Соғым маусымының алдында бағаға сараптама жасаған мамандар осындай қортынды шығарыпты. 

Қазір Қазақстанда ең арзан сиыр еті Таразда. Келісі 1297 теңгеден сатылып жатыр. Одан кейін Петропавл 1303 теңге. Үшінші орында Талдықорған тұр. Жетісуда сиыр еті 1317 теңге. Ең қымбат ет Астанада - 1661 теңге. Ал Алматыда сиыр етінің келісі 1525. Бұл зерттеушілердің мәліметі. Ал, ет сатушылар бағаның бұдан да жоғары екенін айтуда. Мысалы, Алматы базарларында қазір сиыр еті 1700 теңгеден сатылып жатыр. Кәсіпкерлер жылқы еті де қымбаттаған дейді. Оның келісі 1800 теңгеден кем емес. Ал қой еті керісінше түсіпті. Жазда 1500 теңге болып тұрған қой еті қазір 1300-ден саудаланып жатыр.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.