{metadescription}
Теңгенің долларға шаққандағы бағамын алыпсатарлар белгілейтін болған
Теңгенің долларға шаққандағы бағамын алыпсатарлар белгілейтін болған

Теңгенің долларға шаққандағы бағамын алыпсатарлар белгілейтін болған

Ұлттық банк теңгенің тұрақтылығын да толық бақылай алмай отыр. Депутат Аманжан Жамалов төл ақшамыздың долларға шаққандағы бағамын арадағы алып-сатарлар белгілейді дейді. Ал бас банк бұған қол қусырып қарап отыр екен.

Аманжан Жамалов, Мәжіліс депутаты:

-Теңге еркін айналымға түскелі, ұлттық валютаның тұрақтаймай-ақ қойды. Теңге күнде құбылып тұрған соң, кәсіпкерлер мен азаматтар үнемі девальвациядан қауіптеніп күн кешуде. Мәселен, қазан айында теңге ешқандай да еркін айналымға түскен жоқ, 328-ден 345 теңгеге дейін көтерілді.

Жамаловтың айтуынша, теңгенің бағамы нақты факторлармен емес, валюта нарығындағы алып-сатарлардың пайдасына қарай белгіленеді. Төл ақшамыздың тағдырын 15-25 ойыншы шешеді екен. Яғни, құны қор биржасынан тыс анықталады. Соның салдарынан миллиардтарын банкте ұстап отырған азаматтар мен саудасы тікелей валютаға қатысты  кәсіпкерлердің табысы төмендеп кеткен. Бұл аздай, теңгемен ішкі инвестиция тарту, шағын және орта бизнеске несие, қарыз беру мүлдем мүмкін емес. Ал Ұлттық банк екінші деңгейлі банктердің шетел валютасын кімнен алып, қаншадан сатып жатқанын қадағаламайды дейді мәжілісмен.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде