{metadescription}
Қазақстанда дизелдің тапшылығы сезіле бастады
Қазақстанда дизелдің тапшылығы сезіле бастады

Қазақстанда дизелдің тапшылығы сезіле бастады

Елімізде дизель отынының тапшылығы ушығып кетуі мүмкін. Өйткені Павлодардағы мұнай өңдейтін зауыттың жөндеу жұмыстары аяқталмай жатып, солярка өндіретін қондырғылары істен шығып жатыр. Ал, кәсіпорындағы маңызды міндетін тыңғылықты атқара алмаған бас директор болса, жұмыстан қуылды.  Шухрат Данбайды «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының директорлар кеңесі қызметінен босатқан. Бірақ  бұл мәселені түпкілікті шешкен жоқ.

-Елімізде бензиннен кейін енді дизель  қиындық туғызып жатыр. Отынның бұл түріне осы айдан бастап тапшылық қазіргіден де ушығуы мүмкін.

Бұған Павлодардағы мұнай өңдейтін зауыттың солярка өндірісін 5- есеге дейін азайтуы себеп. Өйткені, мұнда дизель шығаруға арналған қондырғылардың бірі сынып қалған. Енді оны жөндеу жұмыстары желтоқсанның соңында бір-ақ аяқталмақ. Сондықтан тапшылыққа жол берген кәсіпорын басшысын энергетика министрі дереу Астанаға шақыртып түсініктеме талап етті.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Айына 150 мың тонна солярка өндіретін зауыт осы айда небары 25 мың тонна ғана шығаруға қауқарлы. Бұл сұмдық жағдай. Павлодардағы зауыт елімізді мұнай өнімдерінің үштен бірімен қамтып отыр. Сондықтан, жұмысы тоқтаса, бірден байқалады. Менің ойымша сіз жүктелген міндетті атқара алмадыңыз.

Сынның астында қалған Шухрат Данбайдың шалағайлығы тек бұл емес. Әрі зауытты жаңғырту жұмыстарын да толық аяқтамаған. Яғни, бүгін кәсіпорында еуро-4,еуро-5 санатындағы жоғары октанды бензин өндіретін қондырғылар сынақтан өткізілуі керек болған. Бірақ, жұмыстың созбалаңға салынуынан бұл шаруа кейінге қалдырылған. Сондықтан мұнай өңдеу зауытының басшысына барынша ақталуға тура келді.

Шухрат Данбай, Павлодар мұнай-химия зауытының бұрыңғы директоры:

-Павлодардағы зауыт 100 пайыз жаңғыртудан өтті. Бұған аса мән берсеңіздер деймін. Бұл өте ауыр жұмыс. Бірақ, бұған қарамастан шаруаны уақытында бітірдік. Тек, ұсақ түйек шаруалар ғана қалды. Ал, басшылықтың сынына келетін бослақ, оны талқылағым келмейді. Біз тек берілген тапсырманы орындауымыз керек. 

Десе де, Данбайдың бұл сөздері оны жылы орынтағында сақтап қала алмады. Жиын аяқталған бойда істі мандыта алмаған директор «ҚазМұнайгаз» басшылығының шешімімен жұмыстан қуылған. Ал, оның орнына орынбасары Оспанбек Әлсеитов тағайындалды. Енді жаңғыртуы жыр болған кәсіпорындағы жұмысты аяқтап тапшылықты жою соған жүктеліп отыр. Ал, қазір әсіресе, Шығыс пен Батыс Қазақстан облыстарының жүргізушілері солярка таппай сенделіп жүр. Тіпті, Астанадағы жанармай бекеттерінің біразында қысқы дизель атымен жоқ.

-Енді жетіспеушілікті азайту үшін «ҚазМұнайгаз» Ресейден дизель импортын арттырмақ. Айтуларынша, жақында еліміздің бекеттеріне 90 мың тонна солярка жеткізілмекші. Ал, бағасы литріне 157-160 теңгеден аспайды деп сендіріп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде