{metadescription}
Қарағандыда күдіктіні өлтіріп алған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қарағандыда күдіктіні өлтіріп алған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Қарағандыда күдіктіні өлтіріп алған полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Қарағандыда күдікті азамат полиция ұстап жатқанда жан тапсырды. Ішкі істер департаменті берген мәлімет бойныша, ол құрықтау кезінде қарсылық көрсетіпті. Содан кейін жатып алып өзінің басын тас жолға ұрған екен. Осы соққылардың қатты болғаны соншалық, 25 жастағы жігіт сол жерде қаза тапқан. Алайда оқиға куәгерлері полицейлер күдіктіні жабылып тепкілеген деп отыр.

Мына кадрларда 25 жастағы Олег Харитоновтың өліп жатқан жері ғана түсірілген. Полицияның айтуынша, ол 19 жастағы жігіттің телефонын тартып алыпты. Оның ізіне түскен полицейлер келгенде, күдікті кәдімгідей қарсылық көрсеткен. 

Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

-Қашпақ болған күдікті тәртіп сақшыларына пышақ кезеген. Полицейлердің бірі самбо тәсілімен оны жерге жығады, сол кезде ол басын асфальтқа бірнеше рет соғып, өзін-өзі өлтіреді.

Полицейлердің айтуынша, бұрын бұзақылығы үшін алты жыл жазасын өтеп шыққан екен. Ал олардың өткен түнгі жайтқа қатысты түсініктемесін оқиға куәгерлері мүлдем теріске шығарды. Айтуларынша, дүкеннен шыққан Олегті бірнеше адам көліктеріне қарай сүйрепті. Қарсылық көрсеткен соң жерге құлатып, тепкінің астына алған. Жолдағы мына қан іздері де мұны растайды дейді куәгерлер.

Виктор Маковкин, оқиға куәгері:

-Біреудің жан дауысы шығып жатқанын естіп, терезеге қарадым. Қарасам, бір топ адам оны тепкілеп жатыр. Тепкілеу бер жағы ғой. Басына шығып алып секіргендерін көріп шошыдым. Басы мен бет ауыздан дым қалдырмады. Бірден жедел жәрдем мен полиция шақырып, далаға атып шықтым. Барсам полицейлер екен. Ана жігітке жақындатқан жоқ.   

Оқиға куәгері осы айтқандары үшін полиция тарапынан қысымның болып жақтанын жасырмайды. Кешелі бері бөлімшеге үш рет шақырып, айтқандарын өзгертуге әрекет жасаған көрінеді. 

-Енді бұл істі Қарағанды облыстық прокуратурасы қатаң бақылауға алған. «Күдіктіні ұстау кезінде күшті асыра қолданып, өлтіріп алу» бабы бойынша іс те қозғалды. Қазір қылмысқа қатысы бар екі полицейге шара қолдану жайы шешіліп жатыр екен. Сонда да марқұмның туыстары болған жайды әу бастан-ақ бұрмалауға тырысқан полицейлер жазадан құтылып кете ме деп қауіптеніп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.