{metadescription}
Сенаторлар бюджет есебінен екінші деңгейлі банктерді құтқаруды тоқтатуды талап етті
Сенаторлар бюджет есебінен екінші деңгейлі банктерді құтқаруды тоқтатуды талап етті

Сенаторлар бюджет есебінен екінші деңгейлі банктерді құтқаруды тоқтатуды талап етті

Жоғары палата мүшелері белшеден қарызға батқан коммерциялық банктерге  Ұлттық қордан қайта-қайта миллиардтар бөлуге қарсы. Және Қаржы министрінінен бұл қарыздың  қашан қайтарылатынын сұрады.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

-2017 жылы 2 триллион 100 миллиард теңге қаржы тағы екінші деңгейлі банктерді сауықтыруға беріп отырмыз. Соңғы 8 жылдың ішінде біз 3 триллион ақшаны қордан және республикалық бюджеттен проблемалық мәселелерді шешуге беріп отырмыз. Сұрақ: осы қаржылардың, әсіресе, 2009—2013-2014 жылдары қайтарылған, солардың қаншасы қайтарылды ма және келешекте мұндай мәселе тағы да қайталана бере ме?  Мұның бір шектеуі болуы керек қой.

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: «қарыз үшін еш алаңдамаңыздар» деді. Үкімет екінші деңгейлі банктерге берілген миллиардтардың қалай және қанша есемен қайтарылғанын дер кезінде баяндап отырады екен. Ал Ұлттық банк РБК-ны қаржылық қиындықтан алып шығуға бұл жолы 240 миллиард теңге бөлді. Және бұл банкті сақтап қалу үшін «Қазақмыс» корпорациясы да көмекке келіп отыр. Жалпы, РБК-дан 600 миллиард теңге ым-жымы бір адамдармен шығарылған. Салдарынан жұрттың банкке салған өз қаржысына қолы жетпей жүр. Олардың енді ақшаларын жыл соңына дейін алады деп сендірді Ұлттық банктегілер. Бас банк пен РБК арасындағы келісімге сай, банкке көмек қаржы кезең-кезеңімен берілмек. РБК бірінші кезекте қарапайым тұрғындардың ақшасын қайтаруы тиіс.

Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

-Банкке негізгі қаржы екі-үш айда түседі. Осы аралықта банкті толық қалпына келтіре аламыз. РБК бірінші кезекте әлеуметтік төлемдерді қайтарады. Яғни, алдымен студенттердің шәкіртақысы, жұмысышлардың жалақысы, несие картасындағы ақша таратылады. Екінші кезекте  депозиттер беріледі.

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде