{metadescription}
Шығыс Қазақстан облысында сары ауруға қарсы вакцина жоқ
Шығыс Қазақстан облысында сары ауруға қарсы вакцина жоқ

Шығыс Қазақстан облысында сары ауруға қарсы вакцина жоқ

Бұл аймақта айналдырған бір айдың ішінде 27 адам гепатиттің А түрін жұқтырған. Былтырғымен салыстырғанда бұл көрсеткіш бір жарым есеге көбейген.

Ал жыл басынан бері ауруханаға 54 адам сары аурумен жатып шығыпты. Олардың дені оқушылар. Қарапайым тазалықты сақтамаудан вирус жұқтырған деп отыр дәрігерлер. Сондықтан жақындарына дереу гепатитке қарсы екпе алуға кеңес беріпті. Бірақ ол аймақтағы ешбір медициналық мекемеде жоқ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар болса жұқпалы аурудың алдын алу үшін дәрі алуға ертерек қамдандық деп ақталады. Вакцинаны жеткізуге тендер де жариялапты. Дегенмен, оған ешқандай компания қатыспай қойған. Өйткені гепатитке қарсы дәріні елімізде шығармайды. Оны шетелден жеткізеді.

Лилия Нұртаева, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Екі рет дәрі алуға тендер ойнаттық. Бірақ оны жеткізіп беруге ешқандай компания келіспей қойды. Оған не себеп болғанын мен нақты айта алмаймын.  

Кеше

22 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.