{metadescription}
Отанынан жайлы жұмыс таппаған тұрғындар шетел асуға мәжбүр
Отанынан жайлы жұмыс таппаған тұрғындар шетел асуға мәжбүр

Отанынан жайлы жұмыс таппаған тұрғындар шетел асуға мәжбүр

Қазақстан жайлы болса, шетел асып несі бар?! Сарапшылар өзге мемлекеттен нәпақа іздейтін білікті мамандардың қатары күрт артқанын айтып, дабыл қақты. Биыл дәрігерлер, экономистер, педагогтар мен техникалық мамандық иелері сырттан кәсіп іздеуге бел буған екен. Олардың бұлайша үдере жылжуы 10 жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда рекордтық нәтижеге жетіпті.

Сарапшылар білікті мамандардың жыраққа кетуін елден көшкен халықтың көбеюі барысында тіркелгенін айтады. Мәселен, осы жылы елімізге жұмыс немесе білім іздеп 12 мың адам келсе, керісінше сыртқа ағылғандар екі жарым есеге көбейіп, 28 мыңнан асып кеткен. Биыл шамамен 5 мың техникалық, 2 жарым мың экономикалық және 1 мың 700 педагог басқа мемлекеттен пана тапқан. Барлығы дерлік ТМД елдеріне көшіпті. Күздің басында еліміздегі білімді жастардың сыртқа кетуі парламентте көтеріліп, грант бөлу жүйесі қатты сынға ұшыраған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.