{metadescription}
Астанада қымбат көлігімен адам қаққақ министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты
Астанада қымбат көлігімен адам қаққақ министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты

Астанада қымбат көлігімен адам қаққақ министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты

38 жастағы Болат Молдағалиев бұған дейін де машинасын басқара алмай жол апатына  түскен.  Бұл туралы көлік астында қалып зардап шеккен Әсел Рымханованың әкесі айтып отыр.

Яғни, Ұлттық экономика министрлігіне қарасты мекеменің басшысы үш жыл бұрын Range Rover-дің рөліне ие бола алмай, тура Министрліктер үйіне соғылыпты. Ақпараттық есептеу орталығының бөлім басшысы бұл үшін тек 20 мың теңге айыппұл төлеп құтылған. Ол кезде оның талма ауруы ұстаған ұстамағаны белгісіз. Айта кетейік, Болат Молдағалиев бес күн бұрын дәл осы Есілдің сол жағалауындағы Достық көшесінде үш адамды қаққан болатын. Оның біріне еш зақым келмеген, екіншісі жеңіл жарақат алып, үшіншісі  ес-түссіз ауруханаға жеткізілген еді. Әсел Рымханова қазір ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Апаттан кейін жүргізуші рөлде эпилепсия ауруы ұстағанын айтып, 24 жастағы қыздан кешірім де сұраған. Алайда зардап шегушінің туыстары жүргізушінің заң алдында әділ жазасын алғанын қалап отыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде