{metadescription}
Азаматтар туралы жеке мәлімет банктер мен мемлекеттік органдар үшін  ашық болады
Азаматтар туралы жеке мәлімет банктер мен мемлекеттік органдар үшін  ашық болады

Азаматтар туралы жеке мәлімет банктер мен мемлекеттік органдар үшін ашық болады

Азаматтар туралы жеке мәлімет банктер мен мемлекеттік органдар үшін  ашық болады. Ақпарат министрлігі адамдар өте жиі сұрайтын   бес анықтаманы белгілеп, қажетті мекемелерге қолжетімді  етпек. Сонда Халыққа қызмет көрсету орталығындағылардың жұмысы жеңілдейді  және  жұрттың ары-бері сабылуы азаяды екен. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында Дәурен Абаев айтты. Қазір төменгі палатадағы жиыннан оралған астаналық әріптесім тікелей эфирге қосылғалы тұр.

-Жәудір, қайырлы күн. Жалпы жаңа жүйе қалай жұмыс істемек? Банктер азаматтар жайлы  ақпаратты рұқсатсыз да  ала бере ме?

Тілші: Қайырлы күн, Ерланби. Министрдің  айтуынша,  мекемелер азаматтар  туралы қандай да бір  мәліметке  қолжеткізу үшін алдымен  оның иесіне смс  жібереді де,  келісімін күтеді. Әр адамның рұқсаты болуы тиіс.

Ақпарат министрлігі  адамдарға қажетті анықтамаларға сараптама жасапты. Сөйтіп, жұрт жиі сұрайтын  бес құжатты белгілеген.

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникация министрі:

-Ол мекен-жай туралы, сотталмағаны туралы. Осындай  бес анықтаманы белгіледік. Осыны біз енді адамдар ары-бері бір мемлекеттік орыннан екінші мемлекеттік орынға апармау үшін  осы мемлекеттік органдардың арасындағы ақпараттық жүйені интеграциялау мәселесін қарастырып жатырмыз.

Яғни, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі сынды бірнеше мемлекеттік ведомство ақпараттық жүйесі  бірігіп, ортақ база болады. Сонда тұрғындардың мекен-жайы, мүлкі, зейнетақы қорына аударымы, сотталмағаны туралы анықта өзге де мемлекеттік мекемелерге ашық болады.

Мәселен, банкке клиенттің мекен-жайы немесе мүлкі туралы ақпарат қажет болса, менеджер қазіргідей  электронды түрде  анықтама сұратпайды. Азаматтың рұқсатымен компьютеріндегі базадан бар мәліметті өзі шығарып алады. Сонда Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызметкрелердің жұмысы жеңілдейді  екен.

-Ал алматылық келіншектің жеке мәліметіне қатысты даудан кейін Халыққа қызмет көрсету орталығындағы тәртіп  өзгеріп пе?

Иә, қазір орталық қызметкерлері азаматтарға қатысты ақпаратты рұқсатсыз ешкім  аша алмайды екен. Өйткені, жеке мәліметтің  қолды болғанына   шағымданушылардың саны көбейіп кетті дейді министр.

Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникация министрі:

-Алматыда болған оқиғадан кейін 60 астам азамат  «мен туралы жеке мәлімет ұрланды»  деп шағымданды. Біз әр адамның аразын жіті тексердік.  Кейбір тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына келгенде электронды қолын үйде қалдырып кетеді де, қызметкерден көмектесуді  өтінеді. Сол кезде  мамандар базаға басқа кілтпен кіріп, азаматтардың өздеріне ақпаратты алып береді. Оны көбі ұмытып кетеді.

Ал жеке кабинетке орталық қызметкерінің кіргені жазылып қалады екен. Осыдан түсініспеушілік туындауда дейді Абаев. Сондай-ақ, жуырда Астанада ғы халыққа қызмет көрсету орталықтары  жаппай электронды  жүйеге көшпек. Мемлекеттік қызмет операторлардың көмегінсіз автоматты түрде жүргізіледі. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде