{metadescription}
Ақтөбеде қара алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот басталды
Ақтөбеде қара алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот басталды

Ақтөбеде қара алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот басталды

Басты айыпталушы - «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал топтың серкесі Еркін Ізбасар сот алдында жауап беріп жатыр. Айыптауды оқыған прокурорлардың сөзіне қарағанда, арбаға таңылған ол бірнеше жылдан бері кәнігі қарақшыларды жанына жинап, қару-жарақты еркін сатып алып жүрген. Ал мұнай ұрлығына қатысты жәбірленуші ретінде тартылғандар қатарында алпауыт компаниялардан бастап, білдей министрліктің комитеті де бар. Тілшіміз Жаңалық Ахаш таңертеңнен бері осы атышулы процессті бақылап отырған еді. Қазір ол бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. Жаңалық, бұл іске...

ыпталушы ретінде жалпы қанша адам тартылып отыр?

-Қайырлы күн, әріптестер! Сотқа қазір 26 адам тартылған. Олардың 17-сі қамауда отырса, қалған тоғызы қолхатпен бостандықта жүр. Іске ірі мафияның қатысы бар болғандықтан болар, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Сот ғимараты толық қоршауға алынып, маңына ешкімді жолатпайды. Тіпті сол көшедегі көлік қозғалысы тоқтатылды. Ал сот ғимаратына тек жәбірленушілерді, айыпталушылардың адвокаттары мен жақындарын тексеріп кірзігіп жатыр. Ал тілшілер тек арнайы экраннан ғана процессті бақылайды. Судьяның алғашқы сұрағына «Ағайынды төртеудің» серкесі Еркін Ізбасар жауап бергісі келмеді. Басының ауырып отырғанын сылтауратып, артынша осы күнге дейін өзін жөнді тергемегенін айтты.

-Басым ауырып тұр. Жыл болды, бірде-бір жауап алған жоқ. Не үшін отырғанымды білмеймін.

Еркін Ізбасардан өзге бұл топтағы тағы бір танымал адам – Рахат Аханов. Ол сыбайласына қарағанда сөзден мүдірмеді.

Сот процесінде бұрын атқарған қызметін айтып берді. Қамалғанға дейін білдей Ішкі істер министрлігінде криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған. Қылмыстық топ мұнай ұрлаған кезде Ақтөбедегі Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары да болып істеді. Сол тұста олардың қылмысына көз жұма қараған. Айыптаудың өзі бірнеше томнан тұрады. Үш бірдей прокурор кезектесіп оқып жатыр. Содан ұққанымыз – Еркін басқарған топ қару-жарақты еркін сатып алып жүрген. Кәсіпкерлерді қорқытқан. Қара алтын ұрлаған.

-Жаңалық, бұл процесстің қаншаға созылатын түрі бар?

Оны қазір нақты айту қиын. Себебі алғашқы тыңдалымның енді басталды. Айыпталушылармен танысудың өзіне екі сағаттай уақыт кетті. Сондықтан бірнеше айға ұласып кетуі де мүмкін. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

14 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.