{metadescription}
Таразды дүр сілкіндірген оқушының  жұмбақ өліміне қатысты бірнеше болжам айтылды
Таразды дүр сілкіндірген оқушының  жұмбақ өліміне қатысты бірнеше болжам айтылды

Таразды дүр сілкіндірген оқушының жұмбақ өліміне қатысты бірнеше болжам айтылды

Таразда із-түзсіз жоғалып кеткен №6 мектептің 4-ші сынып оқушысының мәйіті табылды. Тәртіп сақшылары 10 жастағы Никита Никитюк желімді көбірек иіскеп қаза табуы мүмкін десе, марқұмның туыстары оны зорлап, сосын тұншықтырып өлтірген дейді. Ал осы қылмысқа күдікті ретінде сол мектептің 7 сынып оқушысының есімі айтылуда.

Бұл жағдай тараздықтардың төбе шашын тік тұрғызды. Өткен сенбі күні кешке үйінен шығып кеткен 10 жастағы бала сол күйі қайта оралмаған. Туыстары мен мектеп ұжымы оны жатпай-тұрмай іздегенімен нәтиже болмаған. 

-Оқушының өлі денесін мына балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан тәртіп сақшылары бір күннен кейін тауып алған. Сол күні Таразда қар жауған болатын. Сондықтан баланың мәйіті талдың жапырақтары мен қарға көміліп қалыпты. Ал, қаза тапқан 4-ші сынып оқушысы мұнда өз аяғымен келді ме немесе әлгі күдікке ілініп жатқан 7-ші сынып оқушысы күштеп әкелді ме ол жағы әзірге белгісіз.

Никитаның ата-анасы камераға бет-жүздерін көрсеткісі келмей, тек ақпарат берумен шектелді. Айтуларынша, өлген баланың денесінде соққының іздері бар. Әрі зорланған болуы мүмкін. Ол бір үйдің кенжесі. Ал мектеп директоры “Никита қақ-соғы жоқ, тәртібі түзу оқушы» дейді.   

Ләззат Сманова, мектеп директоры:

-Қайғылы жағдай бәрімізді есеңгіретіп тастады. Әсіресе, Никитаның сыныптастарына өте ауыр тиді. Бұлай болады деп кім ойлаған. Қазір қайтыс болған оқушының ата-анасына қолдан келген көмегімізіді беріп жатырмыз. Ал оны өлтіруі мүмкін деп айыпталып жатқан оқушымыз да бұзақылар тізімінде емес. 

Осы қылмысқа 7-ші сынып оқушысының күдікті деп танылуы бекер емес. Өйткені сол қайғылы оқиға болған күні оның Никитамен бірге жүргенін көргендер бар. Сол 14 жастағы жеткіншектің жүйке жүйесінде ауытқу бар болып шықты. Сондықтан ол арнайы коррекциялық сыныпта оқыған. Қазір күдікті оқудан босатылып, үйінде жатыр. Ал тәртіп сақшылары 10 жастағы бала желімнің иісінен бақилық болған дейді. 

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы:

-Тергеу жұмыстары нәтижесінде жәбірленушінің сол күні 14 жастағы жасөспіріммен бірге желім иіскегендігі анықталды. Өлім себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жалғастырылуда. Қазір күдікті ата-анасының қарауына беру туралы бұлттартпау шарасы қолданылды.

Егер бұл жасөспірімнің қылмысы дәлелденсе, 10 жылдан 15 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін. Ал қайғылы оқиғадан кейін қала мектептерінде тәртіп күшейтілді. Бұдан былай ата-аналар ұл-қыздарын өздері әкеліп, өздері әкетулері тиіс.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде