{metadescription}
Қазақстанда еңбек кітапшаларының жойылуы тиімді ме?
Қазақстанда еңбек кітапшаларының жойылуы тиімді ме?

Қазақстанда еңбек кітапшаларының жойылуы тиімді ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қағаз кітапшаларды электронды форматқа көшіргелі жатыр. Енді жұмыстан өз еркімен шыққан адамдар  бұл құжатты өздерімен  бірге тасып әлекке түспейтін болды.

Электронды базада кез-келген маман туралы мәлімет, оның қай уақытта, қандай мекемелермен еңбек келісімшарттарын жасасқаны туралы ақпарат болады. Бұл Медициналық сақтандыру бағдарламасы аясында әлеуметтік мәртебесі анықталмай отырған  азаматтарды да көлеңкеден шығаруы тиіс. Қазірдің өзінде елімізде электронды еңбек нарығы жұмыс істеп тұр. Онда 30 мың жұмыс пен 8 мың түйіндеме бар деді Тамара Дүйсенова. Ортақ базаға 199 халықты жұмыспен қамту орталықтары, барлық жұмыс агенттіктері мен интернет алаңдар біріктірілмек. Осының арқасында халықтың жұмысқа тұруы жеңілдейді дейді министр.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Қазіргі таңда адамдар мекемелерге түйіндемесін таратып табанынан  тозып жүр.Енді электронды жүйе жұмыс істесе, жұмысқа тұру көрсеткіші 10 пайыздан 20 пайызға дейін артады.Жұмыспен қамту орталықтары арқылы бұрын 200 адам жұмысқа тұрса, енді 500 адам жұмыс таба алады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.