{metadescription}
Зимбабвенің жаңа президентін ұлықтау рәсімі жұма күні болады
Зимбабвенің жаңа президентін ұлықтау рәсімі жұма күні болады

Зимбабвенің жаңа президентін ұлықтау рәсімі жұма күні болады

Таққа Мугабе бір ай бұрын қуып жіберген вице президент Эммерсон Мнангагва отырмақ.

Бұл туралы Зет-Би-Си корпорациясы хабарлады. Эммерсоннің өзі елге бүгін ғана келді. Роберт Мугабенің қаһарына ұшыраған ол қауіпсіздігі үшін шекара асып кеткен еді. Енді жаңа президенттің инагурациясы апта соңына жоспарланған. Ал, Зимбабвені 37 жыл басқарған Роберт Мугавенің отставкаға кететіні кеше ресми түрде белгілі болды. Естеріңізге сала кетейін, 93 жастағы Мугаве өз орынбасарын қызметінен босатқан соң басы бәлеге қалды. Оны әскерилер күзетімен бірге қамауға алып, отсавкаға кетуін талап етті. Тіпті импичминт жариялайтынын да айтқан. Диктаторға халқы да қарсы шықты. Ол тақтан құлағанда зимбабвалық депутаттар би билеп, тұрғындар көшеге шығып тойлады. Әскерилердің қолдауына ие Эммерсон 48 сағат ішінде билікті толықтай қолына алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде