{metadescription}
Сауд Арабиясында шатылып жатқан ханзадалар жаппай кінәларын мойындай бастады
Сауд Арабиясында шатылып жатқан ханзадалар жаппай кінәларын мойындай бастады

Сауд Арабиясында шатылып жатқан ханзадалар жаппай кінәларын мойындай бастады

Ақсүйек туыстарын шетінен жемқор атап, бостандығын шектеп тастаған тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман атышулы тұтқындаудың соңы қалай аяқталғанын айтып берді. 

Сөйтсе, комитет құрықтаған король әулеті мүшелерінің 95 пайызы кінәсін мойындап, тергеумен келісімге келе бастапты. Ұсталғандардың тек 1 пайызы ғана сүттен ақ, судан таза екендігін дәлелдей алған. Ал қалған 4 пайызы әлде де өзіне тағылған айыптармен келіспей, сотқа жүгінуді жөн санапты. Десе де, кінәсін мойындаған ханзадалардан алынатын айыппұл мөлшері мемлекетке келтірілген 100 миллард доллар шығынды артығымен өтейді екен. Дегенмен, тергеудің соңғы жаңалығымен бөліскен тақ мұрагері, әрі жемқорлыққа қарсы жоғарғы комитетінің басшысы Мұхаммед бен Салман туыстарының әрі қарайғы тағдыры жайлы ләм мим демеді. Естеріңізге салсақ, қарашада Сауд арабиясында ақша жымқырды деген күдікпен 49 билік өкілі тұтқындалған болатын. Көбі  корольдің өз туысы. Мұндай аяқасты әшкерелеуге билікке талас себеп болуы мүмкін. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.