{metadescription}
Ақтауда оңбай таяқ жеген сарбаз өлім аузында ауруханада  жатыр
Ақтауда оңбай таяқ жеген сарбаз өлім аузында ауруханада  жатыр

Ақтауда оңбай таяқ жеген сарбаз өлім аузында ауруханада жатыр

Әскери бөлімдегі төтенше жағдай! Ақтауда қатарластарынан ауыр соққы жеген сарбаз ауруханаға жеткізілді. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 18 жастағы Дәулет Әшіровті орындықпен ұрғандықтан, басы жарылып, миы шайқалған. Дәрігерлер болса, оның халі ауыр екенін айтады. Ал, суық хабарды ести сала құстай ұшып жеткен сарбаздың ата-анасы, кінәлілерді жазаға тартуды талап етіп отыр.

- Менде бәрі жақсы. Бүгін мен ант қабылдадым.Бұл Каспий теңізi - Ақтау қаласы. Мен сіздерге барлық сәлемімді жіберемін. Құдай қаласа  10 айдан кейін  үйде боламын.

Бұл Дәулет Әшіровтің Каспийдің жағасынан Шығыс Қазақстан облысындағы ата-анасына жолдаған сәлемі. Әскер қатарына өз еркімен аттанған 18 жастағы жігіт, болашақта осы салада қызмет етуді армандаған. Сондықтан, отан алдындағы борышын өтеуге бел буғанда, ата-анасы қарсылық білдірмепті.

Бақтыбек Әшіров, сарбаздың әкесі:

-Әскерге сәуірде шақырылған. Ант қабылдауға шақырды, оған келдік.  Барлығы жақсы, еш уайымдамаңдар деп келген. Енді міне, өздерің көріп отырсыңдар ғой.

Жақын күндері 19 жасқа толатын сарбазға туысқандары тосын сый жасау үшін, Ақтауға келуді жоспарлап жүріпті. Енді ұлының амандығын тілеген әке, кінәлінің жауапсыз қалмауын сұрайды.

Бауыржан Балықбаев, ҚР ҚК әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары:

-Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөліміндегі нақты мерзімдегі әскери қызметкерлдің арасындағы орын алған оқиғаның нәтижесінде Дәулет Әшіров Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы Қорғаныс минстрі мен бас әскери прокурордың бақылуында.

Алайда, дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтып, әзірге қандай да бір болжам жасауға асықпай отыр.

Аймет Мұхаметов, Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары:

-Пациенттің жағдайы жақсы дей алмаймыз. Бас сүйек-ми зақымы және ми жарақаты бар. Қазір салыстырмалы түрде бірқалыпты дегенімізбен, жағдайы ауыр күйінде қалып отыр.

Дәулет Әшіровтің туысқандарының айтуынша, ұлдарының ант қабылдау сәтіне келгенде, әскери бөлім толықтай бейне бақылаумен жабдықталды деп сендірген екен. Алайда, сарбаздар төбелесіп жатқанда, қалайша ешкім аңғармаған деп, таңданыстарын жасырмады. «Алдағы уақытта кінәлілердің жазалап қана қоймай, жауапты тұлғалар да анықталуы тиіс» дейді олар. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.