{metadescription}
Еліміздің алғашқы әнұранының авторы дүние салды
Еліміздің алғашқы әнұранының авторы дүние салды

Еліміздің алғашқы әнұранының авторы дүние салды

Қазақ әдебиеті мен руханияты ауыр қазаға душар болды. 95 жасқа қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері Мұзафар Әлімбаев дүниеден озды.

Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында дүние есігін ашқан. Соғыс жылдарында шығармалары республикалық, облыстық және майдандық газеттерде басылып тұрған ақын 1958 жылы «Балдырған» журналы ашылған сәттен 1986 жылға дейін журналдың бас редакторы қызметін атқарды. «Қарағанды жырлары» атты алғашқы кітабы 1952 жылы басылып шыққаннан бері 70 төл тума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны авторларының бірі. Саналы ғұмырының 70 жылын  қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне сарп еткен абыз ақсақал, қолынан қаламы түспеген Мұзафар Әлімбаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгілікке жатталып қалатыны сөзсіз.

Мұзафар Әлімбаева, Қазақстанның Халық жазушысы:

-Оқығанды жақсы көремін. Қазіргі балалар басты ермегі емес, рухани мұқтаждығы оқу болуы керек. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде