{metadescription}
Оңтүстікте тойдан қайтқан топ жол апатына ұшырады
Оңтүстікте тойдан қайтқан топ жол апатына ұшырады

Оңтүстікте тойдан қайтқан топ жол апатына ұшырады

Оңтүстік Қазақстанда тойдан қайтқан топ жол апатына ұшырап, салдарынан 36 жастағы әйел көз жұмды. Оқиға Қазығұрт асуы маңында орын алған.

Оншақты адам мінгенскен Хюндай Старекс шағын автобусы Сарыағаш қаласынан шыққан беті екен. Жылдамдықты тым асырып жіберді ме әлде алдындағы жүк көлігін байқамады ма жүк көлігінің тіркемесіне кеп соққан. Жолаушылар мінгескен көліктің сау тамтығы қалмаған. Зардап шеккендердің көбін көліктен тек құтқарушылардың көмегімен ғана шығару мүмкін болды. Жарақат алған екі жасөспірім балалар ауруханасына жіберілді. Ал 36 жастағы келіншек ауруханаға дейін жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Қалғандарының жағдайы ауыр.

Сәбит Байбосынов, Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

-Бізге түскен науқастық төртеуінің 3-уі әйел, біреуі еркек. Оның біреуі жоспарлы хирургия бөлімшесіне жатқызылды. Жағдайы орташа. Диагнозы жабық ми жарақаты. Мидың шайқалу диагнозымен. Екеуі қосарланған ауыр жарақат. Бастың жабық ми жарақаты, мидың шайқалу диагнозы. Біреуінің жамбас сүйегінің сынуы, сан сүйегінің сыну жарақаты диагонозымен жансақтау бөлімшесінде ем қабылдауда.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.