{metadescription}
Қазақ математиктері әлемдік додада топ жарды
Қазақ математиктері әлемдік додада топ жарды

Қазақ математиктері әлемдік додада топ жарды

Білімді мыңды жығады. Сингапурда өткен халықаралық олимпиададан біздің оқушылардың қанжығасы майланып қайтты. Жас та болса математиканың майын ішіп, жілігін шаққан жеткіншектер ақыл аламанында қарсыластарын шаң қаптырды.

Құрамадағы 8 оқушы үш күміс пен бес қола медальді иеленді. «Баласы бәйгеге шапқанда, үйде отырып тақымын қысқан аналар»  бүгін Алматы әуежайынан жүлдемен оралған балаларын гүлмен қарсы алды. IMSO( ИМСО) халықаралық олимпиадасы- математика және ғылым бағытындағы балалардың бағын сынайтын дода. Біздің өрендер бұл сайысқа 2013 жылдан бері қатысып келеді.

Асан Жолдасов, «Пифагор» мектебінің жетекшісі:

-Олар бұл олимпиадаға төрт жыл дайындалды. Осылайша, еңбек үмітті ақтап, жоғары жетістікке жеттік. Ары қарай да басқа сайыстарға қатысамыз. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде