{metadescription}
Астанада Назарбаевтың сүйікті әндерін орындаудан сайыс өтті
Астанада Назарбаевтың сүйікті әндерін орындаудан сайыс өтті

Астанада Назарбаевтың сүйікті әндерін орындаудан сайыс өтті

Астанада президенттің сүйікті әндерін құйқылжыта орындайтын үздік жас талант анықталды. Байқауда Нұрсұлтан Назарбаев сөзін жазған «Елім менің» әнін елден ерекше шырқаған  қостанайлық Темірлан Самұратов топ жарды.

Темірлан Самуратов, ән байқауының жеңімпазы:

– Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған,

Құтты болсын отауың

Берік болсын  босаған.

12 жастағы Темірланды ата-анасы мен ұстаздары байқауға айлап дайындапты. Елбасының «Елім менің» әні жаныма жақын болғандықтан, қазылардың алдында да еркін орындадым дейді жас әнші. Жалпы, «Көңілдің асыл пернесі: Нұрсұлтан Назарбаевтың ән шығармашылығы» атты республикалық мектеп оқушылары арасындағы конкусқа 12 мен 18 жас аралығындағы 30 өнерпаз қатысты. Үміткерлер президенттің сөзіне жазылған әндерді шырқады және мемлекет басшысының сүйікті өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Бұл байқау үш жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Конкурсты ұйымдасытрушы Тұңғыш Президент Қорының басты мақсаты -  талантты жасөспірімдерге қолдау көрсету, шәкірттерге рухани тәрбие беру.  Ал қазылар алқасынының қатарында белгілі сазгер, ақын, әншілер болды.

Мейір Бәйнеш, қазылар алқасының мүшесі:

-Бұл конкурс ән конкурсы болғаннан кейін әннің, репертуар таңдауына байланысты.  Ең бастысы баланың даусына қарап, сахнада тұрған келбетін, киген киімін, сырт белгілерін, соның бәрін қадағалап, бір шешімге келдік.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде