{metadescription}
"Ғалам аруында" бақ сынаған қазақ қызы жүлдеге іліге алмады
"Ғалам аруында" бақ сынаған қазақ қызы жүлдеге іліге алмады

"Ғалам аруында" бақ сынаған қазақ қызы жүлдеге іліге алмады

Онтүстік Африка республикасының сұлуы «Ғалам аруы -2017» атағына ие болды. Бұл байқауға Қазақстан атынан қатысқан Кәмила Асылова өкінішке қарай, үздіктер қатарынан да көрінбеді, не ешбір аталымға ие бола алмады. 

Бұл байқауға 89 елден хас сұлулар қатысқан болатын. Гауһартастар мен сапфирмен көмкерілген тәж 22 жастағы Деми-Ли Нел-Питерс есімді Оңтүстік Африкалық аруға бұйырды. Бұл мемлекеттің өкілі соңғы рет бас жүлдені 1978 жылы жеңіп алған. Екінші орынға колумбиялық Лаура Гонсалес жайғасса, үшінші орынды ямайкалық Давина Бенетте иеленді. Айта кетейік, бұл байқау 1952 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған тұрмысқа шықпаған 18 бен 26 жас аралығындағы бойжеткендер қатыса алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде