{metadescription}
Атырауда балықшылар адамның өлі денесін тауып алды
Атырауда балықшылар адамның өлі денесін тауып алды

Атырауда балықшылар адамның өлі денесін тауып алды

Балыққа барып, мәйітті тапты! Атыраулық балықшылар осыдан дәл бір ай бұрын жоғалып кеткен келіншектің денесін Жайықтан тауып алды.

Қаладағы балабақшалардың бірінің қызметкері болған Людмила Чернышеваның денесі қаладағы жаяу жүргіншілер көпірінің маңынан шықты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, денесінде ешқандай зорлық-зомбылықтың белгісі жоқ. Дегенмен, 39 жастағы келіншектің неден ажал құшқанын анықтау үшін түрлі сараптама тағайындалды. Людмила  Чернышева 27-ші қазаннан бері із-түзсіз жоғалғандар қатарында тұр екен. Тума-туыстары оның таңертең жұмысқа кетіп, кешкілік оралмағанын айтып, сол күні-ақ полицияға арызданыпты. Ал келіншектің қол сөмкесі іздестіру кезінде өзен жағасынан табылған болатын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.