{metadescription}
Астанада үйін көлік қиратып кеткен отбасы үшінші күн жылусыз отыр
Астанада үйін көлік қиратып кеткен отбасы үшінші күн жылусыз отыр

Астанада үйін көлік қиратып кеткен отбасы үшінші күн жылусыз отыр

Жол қиылысында орналасқан жер үйге түн жарымында жүйткіп келген көлік соғылған. Үйде қалған балаларды ажалдан бірер минут қана арашалап қалыпты.

Әділбек Шаяхметов, зардап шегуші:

-Компьютер осы бұрышта тұрды. Үйде балалар ойнап жатты. Мен пешті тазартайын деп шамамен 5 минутқа шығып кеткем. Бес минуттан кейін пешті тазалап болып кірейін деп жатқанымда бөлмеге мына жерде шу, қатты дыбыс шықты.

Қатты соққыдан үйдің қабырғасы қақырап, төбесі қозғалып кетіпті. Үйдің жылу жүйесі де істен шыққан. Үш баласы бар отбасы ұрыдан қорқып, қаңыраған үйден кете алмай отыр. Жергілікті билік апатты үйге келіп, жағдаймен танысқан. Бірақ қыс түскенде үйі қираған азаматтарға дайын тұрған уақытша баспана жоқ. Әкімдіктің жөндеу жұмыстары туралы шешімі жедел шығар емес дейді үй иелері. Ал көлік тізгінінде болған 27 жастағы жүргізуші алған жарақаттарынан көз жұмған. Жанындағы жолаушы хәл үстінде ауруханада жатыр. Отағасы Қайыркелдінің сөзінше, бұған дейін үйдің қоршауына екі көлік соғылған. Үшіншісі үйдің төрін бір-ақ тесіп шыққан. Азамат қауіпті қиылысқа бағдаршам орнатып, үйді тас қоршаумен оқшаулау керек дейді.

Қайыркелді Рыспеков, зардап шегуші:

-Сарыарқа әкімдігінен хабарласты. Олар ауыл әкіміне бұйрық берсе керек,ол  жүгіріп келді.  Көмектесеміз деген, қазір түс болды ешкім келмеді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.