{metadescription}
Қазақстанда спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын аймақ анықталды
Қазақстанда спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын аймақ анықталды

Қазақстанда спирттік ішімдікті ең көп тұтынатын аймақ анықталды

Статистика бойынша бірінші орында Ақмола облысы екен.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Қазақстандағы ащы суға құмар адамдар саны едәуір артқан. Елімізде 15 жастан асқан әрбір тұрғынға шаққанда 8 жарым литр таза спирттен келеді. Арақ-шарапты тұтыну жағынан Ақмола облысынан кейін Солтүстік Қазақстан тұр. Алғашқы үштікке Қарағанды да кіріпті. Ал Онтүстік Қазақстанның тұрғындары ең аз ішетіндердің қатарында. Жалпы елімізде 2017 жылдың 10 айында 22 млн. литрға жуық арақ-ликер өнімі шығарылыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз. Мұнымен қоса, осы жылдың басынан бастап ащы судың бағасы  45% -ға артқанын айта кетейік. Алайда, өндіріс қарқыны бәсеңдеп, бағасы шарықтағанымен тұтынушылардың саны азаймай тұр. 

 

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ - 6,0

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН – 5,9

ҚАРАҒАНДЫ – 4,9

ОНТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН – 0,3

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде