{metadescription}
Оралда баласы ауыр дертке шалдыққан ата-ана елден көмек сұрады
Оралда баласы ауыр дертке шалдыққан ата-ана елден көмек сұрады

Оралда баласы ауыр дертке шалдыққан ата-ана елден көмек сұрады

Оралда жаңа туылған нәрестеге дәрігерлер  өте сирек кездесетін диагноз қойды. Гиперинсулинизм деген дертке елімізде екі-ақ адам шалдыққан екен. Соның бірі Кәмила Нұғымашеваның ағзасында шамадан тыс бөлінетін инсулин глюкозаны жеп, нәресте өміріне қауіп төндіретін көрінеді. Оның себебін тек даниялық дәрігерлер ғана анықтай алады екен. Қазір шақалақтың ата- анасы шетелге баруға қаржы іздестіріп жатыр.

Кәмиланың жарық дүние есігін ашқанына бір айға да толмапты. Анасы оны қолға ұстауға да қорқады. Бір қарағанда сап-сау болып туылған нәрестенің дерті перзентханада-ақ байқала бастаған.

Мария Решетник, Кәмиланың анасы:

-Мені босанған соң палатаға ауыстырды. Баламды алғаш рет емізгенде де ештеңе байқамадым. Таңға жуық қызым өздігінен  дем ала алмай, тұншыға бастады. Дәрігерлер дереу жансақтау бөліміне апарып, оны арнайы қондырғыға қосты.

Дәрігерлер Кәмила «гиперинсулинизм» деген дертке шалдықты деп отыр. Елімізде бұл диагноз осымен екінші балаға қойылған екен. Онда ағзада шамадан тыс көп бөлінетін инсулин глюкозаны жеп қояды. Мұндай кезде бала көгеріп-сазарып, дем ала алмайды. Тіпті есінен танып қалуы да мүмкін екен. Сондықтан сәби ағзадағы глюкоза мөлшерін бақылап отыратын арнайы аппаратқа жалғанған.

Нұргүл Жүнісова, БҚО штаттан тыс бас неонатологы:

-Бала ағзасында глюкоза жетіспеушілігі жиі байқалатын болса, ол жүйке  жүйесіне әсер етуі мүмкін. Ми жасушаларына қажетті заттар жетіспей, жүйке жасушалары өле бастайды. Бұл баланың психикалық жағдайына кері әсер етеді.

Жергілікті дәрігерлер бала ағазасындағы глюкозаны арнайы қондырғының  көмегімен қалыпта ұстап тұрғаннан әрі аса алмаймыз дейді.   Ал Даниядағы мамандар сәбиді бұл дерттен құлан таза айықтыра алады екен.  Қазір Кәмиланы квота бойынша Еуропаға жіберу жағы қарастырылып жатыр. Алайда жылдың аяқталып қалуына байланысты Нұғымашевтар  отбасының Еуропаға қай күні аттанатыны белгісіз болып тұр.

Олег  Нұғымашев, Кәмиланың әкесі:

-Облыстық денсаулық сақтау басқармасы  қазір шетелдік фирмамен келіссөз жүргізіп жатырмыз дейді. Квота жағы да әлі шешілген жоқ. Жыл аяқталып қалды, шотта ақша жоқ дейді.

Дәрігерлер егер шұғыл көмек болмаса, Кәмила екі-үш ай ғана өмір сүруі мүмкін депті. Тепсе темір үзетін жастағы үш баланың әкесі шарасыздықтан көз жасын да жасырмады. Даниялық дәрігерлердің бала ағзасының әрбір жасушасын  тексеретін қауқары бар екен.  Соның арқасында дерттің себебін анықтап, оны емдеу жолын да көрсетіп береміз депті. Уақыт созуға болмайды. Осыны түсінген  сәбидің ата-анасы жұрттан 70 мың доллар жинай алса, шетелге өздері аттанбақшы.

Отбасының телефоны: 8-705-814-22-14

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде