{metadescription}
 Елімізде үй кітапшасы да енді электронды болмақ
 Елімізде үй кітапшасы да енді электронды болмақ

Елімізде үй кітапшасы да енді электронды болмақ

Осы арқылы баспана иесі, үйінен шықпай-ақ азаматтарды пәтеріне онлайн тіркеп немесе шығарып тастай алады.

Жаңа жүйе келер жылдан бастап іске асады. Бірақ, интернет арқылы тіркеуге тұру үшін өтініш беруші мен қожайынның электронды қолтаңбасы болуы тиіс. Сондай-ақ, уақытша немесе тұрғылықты тіркеуге тұруға төленетін мемлекеттік баж салығы да алынып тасталуы мүмкін. Оның көлемі 226 теңге. Десе де, бұл әзірге талқыланып жатыр. Бір айта кетерлігі, қағазбастылықты азайтып жатқан орталықтар адамдардың жеке мәліметтерін қорғауға қатысты қауіпсіздікті де арттырады.

Анар Жомартова, ҚР ІІМ Халықты құжаттандыру басқармасының инспекторы:

-Құпиялықты сақтау заңмен көзделген. Дербес деректерді сақтау заңымен әрбір қызметкерде өзінің логині мен паролі барлығы тағайындалған. Яғни, оған ешкім басқа біреу логин паролі жоқ болған соң кіре алмайды. Яғни, ол жүйеге кіре алмайтындарға ақпаратқа қол жетімділік беру жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.