{metadescription}
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан аман қалғандар тілге келді
Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан аман қалғандар тілге келді

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апатынан аман қалғандар тілге келді

Маңғыстау облысындағы жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар бүгін жер қойнына тапсырылды. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға келген адамдардың қарасы көп. Ал осы пойыз бен Газельдің соқтығысуынан зардап шеккендердің беті бері қарап келеді. Тіпті бірер күнде екеуін үйіне жіберу жоспарланса, жансақтау бөлімінде жатқан тағы екі сырқат жалпы палатаға ауыстырылмақ.

Үш күн бұрын Өзен-Болашақ өткелінде болған апат тек ауыл тұрғындарының ғана емес, бүкіл елдің қабырғасын қайыстырды. Қаза тапқандардың алтауы Жаңаөзеннің тумалары болса, үшеуі Теңге ауылының тұрғындары болатын. Бүгін сол марқұмдарды тума-туыстары мен жора-жолдарстары ақтық сапарға шығарып салды.

Газель мен пойыздың  соқтығысуынен жапа шеккен  18 адам әлі күнге аурухананың травматология бөлімінде жатыр. Бірер күнде оның екеуі үйіне жіберілмек. Айсұлу Қармұсова сол шағын автобустың ішінде болғандардың бірі. Оның базардан азық-түлік алып үйіне келе жатқан беті екен. Бірақ апаттың қалай болғаны мойын омыртқасын зақымдап алған келіншектің есінде жоқ.

Айсұлу Қармұсова, зардап шегуші:

-Тақ еткен дауыс естідім, басқасын білмейміз. Сосын ауруханада жатырмын.

Жансақтау бөліміндегі беті бері қараған алты науқастың екеуін де жалпы палатаға ауыстыру жоспарланған. Ал жағдайы тым ауыр болып ауруханаға санавияциямен жеткізілген екі оқушы жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратылған. 7 жастағы бала травматология бөліміне ауыстырылса, екі аяғынан бірдей айырылған 10 жастағы қыздың хәлі мүшкіл. Бірақ бұлардың өздігінен тыныс алуы дәрігерлерді қуантуда.

Раушан Жапарова, Жаңаөзен қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

-Қазіргі таңда енді емнің бәрін алып жатыр. Науқастардың бәрі диагностикадан өтті, бәрінде нақты диагноздары бар. Психологиялық көмек науқастармен де жақындарымен де өткізілді.

Ал адам тасымалымен айналысқан кәсіпкермен әкімдік келесім-шартты бұзуы мүмкін. Өйткені оның иелігіндегі Газель жүргізушісі сол күні шағын автобусқа 15 адамның орнына 36 адамды отырғызып алған. Оның компаниясына осы тектес заң бұзушылықтарға жол бергені үшін жыл басынан бері жеті мәрте айыппұл да салынған екен.

Сәнім Танаева, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазақстан темір жолының мамандары да келді. Жол көліктерінің басқармасынан облыстан келді. Өздерінің жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар құқық қорға орындары да тергеу жасап жатыр.

Өткен сенбі күні Жаңаөзендегі Теңге ауылы маңында Газель мен пойыз соқтығысып, 9 адам қаза тапқан. 27 жолаушы түрлі дене жарақатын алған болатын. Ал, осы қайғылы жағдайдан кейін теміржол өткелдерінде қауіпсіздік күшейтілді. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде