{metadescription}
Астанада президентке костюм тіккен фирманың басшысы сотталды
Астанада президентке костюм тіккен фирманың басшысы сотталды

Астанада президентке костюм тіккен фирманың басшысы сотталды

Бүгін Астанада «Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрынғы орынбасарына үкім кесілді. «Ірі көлемде пара алды» деп айтыпталған Қанат Сұлтанбеков енді 10 жылын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізуі тиіс. Сыбайластары да жазасыз қалған жоқ. Арасында Қорғаныс министрлігінде лауазымды қызметте болған да бар. Үкімді естігенде солардың бірі есінен танып, құлап қалды.

-«Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке қатысты сот бастан-аяқ жабық өтті. Сондықтан атышулы қылмыстық істің анық-қанығы сол күйі құпия қалып отыр.  Тілшілерге тек сот үкімін тыңдауға ғана рұқсат етілді.

Негізі жыл басында қамауға алынған Сұлтанбековке «ірі көлемде пара алды» деген айып тағылған. Бірақ, ауызбастырықты кімнен не үшін алғаны айтылған жоқ. Не болса да істі бір біраз уақыт тергеген фемида ұлттық компания төрағасының бұрынғы орынбасарын кінәлі деп тауып, 10 жылға түрмеге жапты.

Заязид Дәрібаев, СУДЬЯ:

-Қанат Сұлтанбеков кінәлі деп табылсын. Жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуге тыйым салынып, «Құрмет» наградасынан айырылсын.

Үкім оқылған бойда «Қазақстан инжиниринг» төрағасының экс-орынбасары тура сот залында қамауға алынды. Бұған дейін ол үй қамақта отырған. Бүгін Сұлтанбековтың 8 сыбайласы да жаза арқалады. Қылмысты жасырып, пара алды және берді деп айыпталғандар 3-7 жылын абақтыда өткізуі тиіс. Олардың арасында кәсіпкерлер мен Қорғаныс министрлігінде лауазымды қызмет атқарған екі бірдей полковник пен әскери бөлімнің бұрынғы басшысы, тіпті  Израиль азаматы да бар. Соңғысы үкімді естігенде есінен танып қалды. 

Жалпы «Қазақстан инжиниринг» төрағасының бұрыңғы орынбасары Сұлтанбековтың жоғары шенді офицерлермен бірге шатылуы бекер емес.

Өйткені, аты аталған ұлттық компания қорғаныс саласына қару-жарақ пен техника құрастырып, озық түрлерін шетелге сатумен, сатып алумен айналысады. Сондықтан бұлар жымысқы ойын іске асыру үшін ауыз жаласқаны анық. Әрі арасында еліміздің армиясын киім-кешекпен жабдықтаған кәсіпкер де бар. Айбек Бектұрғанов басқарған кәсіпорын әрі ерлерге костюм тігумен де айналысады. Екі жыл бұрын бизнесмен осындай бағалы пиджактың бірін президентке де тігіп беріп, өзіне жарнама жасағаны белгілі.

Бірақ, арам ойы іске аспай қалған сотталушылар енді біраз жыл бостандық көрмейтіні анық. Бір айта кетерлігі Сұлтанбековпен қатар Қорғаныс министрлігінің бұрынғы лауазымды қызметкерлері де мемлекеттік наградаларымен қош айтысып, әскери атағынан айырылды. Ал, бұлардың адвокаттары болса, бір ауыздан апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде