{metadescription}
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің ақыры мәйіті табылды. 16-шы қарашада үйінен шығып кеткен Әлихан Ешімовты туыстары табандарынан таусылып, екі апта бойы іздеген болатын. Ал, марқұмның денесі оның көлігі табылған әуежай маңындағы көлден шыққан. Онда да іздеушілер көлдің суын ағызып, азайтқаннан кейін ғана әрең тауыпты.

24 жастағы жігіт сол күні көлігі бұзылған достарына көмектесу үшін кеткен екен. Түнде анасына хабарласып, кері қайтатынын ескертіпті. Бірақ, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Ертеңіне ол мінген көлік әуежай маңайындағы көлдің жанынан табылады. Ал, көлік ішіндегі жігіттің телефоны, құнды заттары мен құжаттарына ешкім тиіспепті. Кейін Әлиханды іздеуге еріктілер тобы қосылып, тіпті сарбаздар иісшіл иттермен төңіректі шолып шыққан. Қазір табылған мәйітке сараптама жасалып жатыр. Полиция тергеу шараларын бастап кеткен.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде